Ақмола облысында қалалық 50 бала ауылға барды

Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Бір апта ауылда» ерекше жобасы жүзеге асырылып жатыр – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл Көкшетау, Щучинск, Атбасар мен Степногорск қалаларының 50 қалалық балалары «Бір апта ауылда» жобасына қатысып, ауылдық жердің тұрмысы, өмірімен танысып, тарихын, мәдениетін біліп, шаруашылық, мал шаруашылығы фермаларына, нысандарына барып, атпен шабады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Айналаға қара» кіші жобасын жүзеге асыру шеңберінде Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы қалалық мектептерінің 50 оқушылары үшін «Бір апта ауылда» іс-шаралар топтамасын өткізіп жатыр. Және күзгі демалыс кезінде өткен 50 ауылдық мектеп оқушыларына арналған осыған ұқсас «Бір апта қалада» жобасы. Жоба аясында қалалық балалар «Есіл – Агро» ЖШС, «Кенесары – Астық» ЖШС, ауыл шаруашылықтарына, Қотыркөл а. ауылшаруашылық колледжіне, Қазақстан Агро Инновациялық Корпорация және т.б. барды. Ауылдық жерде сиыр, жылқыларды тамақтандырып, жаңадан дайындалған қымыз бен шұбаттан дәм татты. Диқандар ұн алу мен нан пісіру процесін балаларға айтып, көрсетті. Жоба қатысушылары бұл күндері достасып, бір командаға айналды, әсерлерімен бөлісіп, осындай орасан жобаның қатысушысы болғандарына қуаныштарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты» - деді Лейла Толыспаева, Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы директорының орынбасары.

Степногорск қаласы №1 мектебінің 9 сынып оқушысы Синопольникова Анастасия: «Өте қызықты және тамаша болды. Біз туған өлкеміз жайлы бағасыз ақпарат алдық, тарихы мен мәдениетіне және халқымыздың дәстүрлеріне жақындадық. Ауылды басқа жағынан танып, өзіміз үшін көптеген жаңалық аштық. Әрдайым үстелімізде жаңа сауылған сүт пен жаңа піскен нан болуы үшін диқаншылар мен ауыл тұрғындары күн сайын қалай еңбектенетінін білдік».

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 267
Дата создания: 12 Декабря 2017 г.
Дата редактирования: 12 Декабря 2017 г.
www.egov.kz
Опрос