«Білім берудегі заманауи үрдісті жаңарту форматындағы түзету мектебінің оқу-тәрбие жұмыс жүйесі»Кокшетау қаласында өткізілді.

№1 ОАТМИ 2017 жылдың 8 қараша күні елеулі оқиға болды, бұл күні «Білім берудегі заманауи үрдісті жаңарту форматындағы түзету мектебінің оқу-тәрбие жұмыс жүйесі» атты семинар өткізілді. Облыстық семинар болуына қарамастан көрші Солтүстік Қазақстан облысынан, сондай-ақ біздің Отанымыздың астанасы – Астана қаласынан қонақтар келді. Барлығы 100-ден астамқатысушыжиналды.

Олар ППТК меңгеруші әдіскерлері, арнайы мектептің басшылары мен орынбасарлары,жалпы білім беру мектептерінің психологтары, инклюзивті тәжірибені іске асырушы МД педагогтар,мектеп директорларының орынбасарлары. №1 ОАТМИ қызметкерлері келген қонақтарды мектеп холлындақарсы алды. Ол жерге мектеп қызметкерлері презентациялық алаң мен ағымдағы жоспарланған әр сабақтарды ұйымдастырған.Келушілер үстелден үстелге, алаңнан алаңға өтіп түзеу мектеп педагогтарының жұмыстарында көре алатын қысқаша инновациялық әдістері және тәсілдерментаныстырылды.

Қатысушылардың барлығы тіркелген соң, құттықтау сөз кезегі –Ақмола облысы білім басқармасының бас маманы Темірбаева Майя Жеңісқызы және «Өрлеу» БАҰО директордың орынбасары Акишева Айсұлу Кеңесқызына берілді. Кейін №1 ОАТМИ директоры О.В.Бурдинская құттықтау сөзін мен барлық жиналған қонақтарға алғысын айтып, ұстаздарға сәттілік тіледі.

Атап ату керек, бұл семинар EXPO-2017 «Болашақ Энергиясы» аясында өткендіктен соның салдары ретінде белгіленген семинар бағдарламасында әр сабақ өзімен бірге қуат әкелді: жылу энергиясы (орыс тілі С.Н.Деобальдтың сабағы), сөздер энергиясы (логопед Н.В.Экстердіңсабағы), сезім энергиясы (сенсорлық бөлмедегі психолог С.В.Трофимованыңсабағы),заманауи би энергиясы (түзеу ырғақ Н.В.Саттарованыңсабағы), күн энергиясы (орыс тілі Г.Н.Бугунтаеваның сабағы) және т. б.

Семинар ұйымдастырушыларының алға қойған басты мақсаттары- арнайы білім берудегі мектептің жұмысын заманауи үрдістер форматындағы тәжірибені тарату және түзету мектеп мамандарыныңоқу-тәрбие жұмыс жүйесінен тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау.

№1 ОАТМИ-ның 19 мамандары сабақтарды жүргізу барысында педагогикалық шеберліктерін көрсетіп шықты.Атап өту керек олардыңкөпшілігі өз жұмысына инновациялық әдістемелер мен жүйелерді енгізу тәжірибесін көрсетті: Д.Т.Тулеуова 0 "А" сыныбына Монтессори әдістемелерімен өткізген математика сабағын қарауға ұсынды; Н.А.Файзулина 2 "В" сынып оқушыларына Numicon инновациялық математиканы оқыту әдістемесінің көмегімен сандармен 5 санын таныстырды; О.И.Смирнова 0 "Б" сыныбының сабағында EduQuest мультимедиялық оқыту жүйесін қолданды, соның арқасында сабақ балалар үшін қызықты және есте қаларлықтай өтті.

Сабақтардан бөлек семинар қатысушылардың назарына А.Н.Бокк құмды терапия бойынша үйірме жұмысын, Л.В.Чердынцеваның арзанқол материал жұмысы және Т.А.Варнавина, С.В.Наконечная) "Цветик-семицветик" театрландырылған қойылымы ұсынылды.

Семинарды қорытындылау үшін барлық қатысушылар дөңгелек үстел басынажиналып ашық сұхбат алаңында өзекті мәселелерді талқыға салды, олар:Көкшетау қ. сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша ашу бойынша дайындық жұмысы, Степногорск қаласы мен Қорғалжын ауданында арнайы білім беру ұйымдарын ашу бойынша мәселер.

Семинардың қорытындысы энергияға толы байытылған күннен кейін әлсірететін, демалдыратын концерттік бағдарламамен аяқталды.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 315
Дата создания: 8 Декабря 2017 г.
Дата редактирования: 8 Декабря 2017 г.
www.egov.kz
Опрос