Көкшетау қаласында білім басқармасы алқасының кеңейтілген отырсы өтті

Бүгін Көкшетау қаласында облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың қатысуымен Ақмола облысы білім басқармасы алқасының кеңейтілген отырысы өтті – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында алқамен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы міндеттер мен Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау барысы жөніндегі, «Мектепке дейінгі білім берудің жаңа сапасы – адамдық капиталдың дамуының басты басымдылығы», «Мектепке дейінгі және орта білім беру саласында нормативтік-құқықтық актілердің өзгеруі» білім беру мазмұнын жаңарту – уақыт талабы, «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасын іске асырылуы туралы», «Ақмола облысының білім беру ұйымдарындағы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының іске асырылуы» және т.б. мәселелер қарастырылды.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова алқа барысында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халыққа Жолдауында Еліміздің Президенті адамдық капиталды - жаңғырудың негізі етіп анықтап, мұғалімдіктің алдында үлкен міндеттер қойғанын атап өтті.

Білім беру саласында басты бағыт – балабақшалар жүйесін дамыту, сапалы орта және кәсіби-техникалық білім алу үшін жағдайлар жасау.

Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Талғат Жүнісов «Президент Жолдауына сәйкес білім беру мекемелерінің арасында бәсекелестікті арттыру және жеке капиталдарды тарту үшін қалалық мектептерде жан басына қаржыландыру енгізілетінін айтты».

Алқада облыстың аудандары және қалалары әкімдерінің орынбасарлары, Білім басқармасы бөлімдерінің басшылары мен басшылардың орынбасарлары, ведомствоға бағынысты білім ұйымдарының басшылары, ЖОО-ның ректорлары, мемлекеттік ұйымдардың басшылары, «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының директоры, Көкшетау қаласы педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры қатысты.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 658
Дата создания: 31 Января 2018 г.
Дата редактирования: 31 Января 2018 г.
www.egov.kz
Опрос