Ақмолалық 200 бала Еліміздің Президенті атынан бағалы сыйлықтар алды

Бүгін «RixosBorovoe» мейрамханасында облыстың барлық балалары үшін жаңа жылдық Президенттік шырша өткізілді. Дәстүрлі мерекеде барлық өңірден 200 бала қатысты: жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар сондай-ақ, дарынды балалар.

Кішкентай қонақтарды мульт кейіпкерлер Карл Джей, Эльза ханшайым, Олафа аққала және өткен жылдың нышаны Әтеш қарсы алды. Мереке барысында балалар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейне құттықтауын тамашалады.

Сондай-ақ, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин құттықтау сөзін оқыды. «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын Жаңа жылмен құттықтау үшін барлық қалалардағы балаларды жинайды. Жаңа ғана Сіздер өздеріңе жолданған мейірімді құттықтау сөздерін тыңдадыңыздар. Елбасымыз Сіздердің дендерің сау, дарынды болып, спортпен шұғылданып және Қазақстанның патриоттары болып, достық пен бейбітшілікті қадірлеуге барлық жағдай жасайды» - деді әкім.

Салтанатты іс-шарада Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин барлық балаларды мерекемен құттықтап Елбасының атынан 200 балаға ноутбуктер мен жаңа жылдық сыйлықтар сыйлады. Балаларды тағы бір тосын сый күтті. Оларға арналып театрландырылған көрініс дайындалды.

Ақмолалық оқушылар 2017 жылды үлкен жетістіктермен аяқтағалы жатқанын айта кеткен жөн.

Республикалық іс-шараларда Ақмолалық оқушылар 10-алтын, 12 – күміс, 26 қола медаль иеленді. Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 2 – күміс, 10 – қола медаль. Халықаралық олимпиада жеңімпаздарының санатынан өңір мектептерінің 3 түлегі ҰБТ тапсырудан босатылды.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 397
Дата создания: 22 Декабря 2017 г.
Дата редактирования: 22 Декабря 2017 г.
www.egov.kz
Опрос