2018 жылғы 1-ші қыркүйектен бастап Көкшетау қаласында республикадағы Назарбаев Интеллектуалдық мектептер жұмыс жүйесінің үйлестігі бойынша құрылатын жұмыс жүйесі бар мектеп ашу жоспарлануда

Мектепте сабақ мемлекеттік тілде жүргізілетін болады. Балалар бір ауысымда оқиды. Мектепте математика, физика, информатика, химия, биология пәндерін тереңдетіп оқытатын сыныптар ашылады. Кабинеттер, зертханалар заманауи жабдықтармен жабдықталады.

Күннің екінші жартысында оқушылардың қызығушылықтары бойынша үйірмелер мен секцияларда шұғылданып, ғылыми жобалармен айналысу мүмкіндігі бар. Мектепте Робототехника кабинеті ашылады.

Көкшетау қаласының білім бөлімі мектепке мұғалімдерді алдын ала қабылдайтындығын жариялады.

2018 жылғы 1 наурыздан 1 мамырға дейін берілген мектепте жұмыс істеуге ниет білдірген педагог rashash.shaymerdenova@mail.ru электрондық мекен-жайына түйіндемесін жолдай алады.

Мұғалімдерге қойылатын талаптар: мамандығы бойынша жоғары білімі, жоғары немесе бірінші санаты, жаңартылған білім мазмұны бойынша курс өткендігі жөнінде сертификат, В-1,В-2,С-1,С-2 ағылшын тілін білу жөніндегі сертификаттың болуы қажет.

2018 жылғы 1 мамырдан - 1 маусымға дейін жұмысқа қабылдау үшін кандидатураларды қарастыру өтеді.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 595
Дата создания: 12 Января 2018 г.
Дата редактирования: 12 Января 2018 г.
www.egov.kz
Опрос