Ақмола облысында бірден екі психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері ашылды

Ақмола облысының өңірлерінде психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің ашылуы өтті, кабинеттер мүмкіндігі шектеулі балалармен бірлесе білім берудің маңызды құралы болып табылады – деп хабарлады Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жаңа 2018 жылдың қарсаңында Астрахан мен Жақсы аудандарында қуанышты оқиға болды, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін жаңа психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері есігін айқара ашты, онда туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі балаларға мамандардың тегін, білікті және кешенді көмегі көрсетілетін болады.

Ақмола облысының инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің төрағасы Марат Ыбыраев «Біздің республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында «мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға назарды арттыру керек» деп атап өткен болатын. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс». Ақмола облысында бұл бағытта жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Бұл өңірдегі 15-інші және 16-ыншы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті. Келесі жылы тағы үш кабинет ашылатын болады».

Кабинеттер заманауи жабдықтарымен М.Монтессоридің материалдарымен, сенсорлық бөлмемен, сондай-ақ, ойын модульдерімен жабдықталғандығын атап өткен жөн. Эмоционалдық және интеллектуалдық дамуында кемістігі бар балалармен – педагог-психологтар, танымдық саласында кемістігі бар балалармен – дефектолог-мұғалімдер, сөйлеу тілінде кемістігі бар балалармен – логопед-мұғалімдер, тірек-қозғалыс аппаратында кемістігі бар балалармен – емдік дене шынықтыру нұсқаушылары шұғылданатын болады. Педагогтар мен ата-аналардың біріккен жұмысының нәтижесінде, педагогтар олардың балалары уақыт өте келе кәдімгі мектептерде оқи алатынына сенімді.

Жақсы ауданының тұрғыны Валерия Райская «Біз, ата-аналар, біздің ауданымызда осындай кабинет ашылғанына өте қуаныштымыз, ұйымдастырушыларға айтар алғысымыз шексіз. Мамандардың кешенді көмегі біздің балаларға көмектеседі деген сенімдеміз»

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 368
Дата создания: 26 Декабря 2017 г.
Дата редактирования: 26 Декабря 2017 г.
www.egov.kz
Опрос