Список документов
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша 2016 ж жүргізілген жұмыс туралы талдау анықтамасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету саласындағы жүргізілетін жұмыстардың жағдайы мен нәтижелері туралы мәліметтер.

Ақмола облысы білім басқармасы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша аймақтық жоспарды жүзеге асыру мақсатында белгіленген жұмыс жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын тәрбиелеу мақсатында білім ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың түрлі нысандарына қарсы әрекет ету тақырыптарында сынып сағаттары, әңгімелер, лекциялар, диспуттар, талқылаулар өткізіледі.

Өскелең ұрпақтың құқықтық жауапкершілік шаралар туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында қылмыстық, әкімшілік құқықтармен танысуға ерекше көңіл бөлінеді.

Сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шараларда азаматтық және ұлтжандылықпен, мораль мен өнегелік ұғымдарымен байланысты мәселелерді талқылау өткізіледі.

Мысалы, оқушылармен «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» «Сыбайлас жемқорлық және біз», «Біз шындық үшін» тақырыптарында лекциялар, жоғары буын оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлықты жеңуге бола ма?» тақырыбында дебаттар өткізілді.

«Сыбайлас жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» тақырыбында сынып сағаттары, 9-11 сынып оқушылары үшін «Шындықтың маңызы неде?» тақырыбында тренингтер өткізілді. 5-9 сынып оқушыларының арасында «Адал жол-честный путь» тақырыбындағы плакаттарға байқау өткізілді.

БАҚ құралдары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жүргізіледі, 9 айының ішінде 10 жариялау шықты. 40 "дөңгелек үстелдер" бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту өткіздік.

Өз қызметінің ашық және айқындығын қамтамасыз ету мақсатында басқарманың сайты бар. Қажет еткен адамдар білім басқармасы туралы ақпаратпен, бар ережелермен, нұсқаулармен танысып, сонымен қатар оларды қызықтырған сұрақтарды қойып, білікті мамандардың жауаптарын ала алады.

Лауазымдық тұлғалардың қызмет этикасынның нормаларын, мемлекеттік қызмет және жемқорлықпен күрес туралы заңнаманы бұзу фактілері туралы хабарлау үшін сенім телефоны жұмыс істейді (90-31-16).

Ақмола облысының білім басқармасы білім алушылардың ата-аналардың (заңды өкілдерінің) білім алушыларды мемлекеттік білім беру стандарттарын қоса алғанда, материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету және білім беру қызметінің стандарттары аясында ақша алымдар қаражатын жол бермеу бойынша үнемі жұмыс жүргізіледі.

Атап айтқанда, оқулықтар сатып алуға, ойыншықтар, жөндеу, жиһаз сатып алуға, аумақты абаттандыру, тазалау үй-жайлар, музыкалық аспаптар, спорт жабдықтары, компьютерлер және басқа да оқу құралдары ретсіз ақша қаражатын өндіріп алуға назар аударамыз.

9 ай ішінде білім басқармасының мекен-жайына ақша жинау фактілер бойынша расталған деректер түскен жоқ.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ "бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту 2020 Жол картасы", 2 миллиард теңге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстар бойынша 145 жоба іске асырылды.

Қазіргі уақытта барлық білім беру ұйымдарының 100 % оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, Ақмола облысы бойынша мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 95,4% көшбасшы орында тұр.

Мемлекеттік қызмет уақытында және сапалы көрсетілетіндігі туралы мониторинг ай сайын жүргізіледі.

Ақмола облысының білім мекемелерімен қазіргі уақытта 32 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Білім басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарымен 14, аудан, қала білім бөлімдерімен 22 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Білім басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарымен және аудан, қала білім бөлімдерімен көрсетілетін 9 мемлекеттік қызмет қайталанады. Қазіргі таңда 13 мемлекеттік қызмет көрсету автоматтандырылған болып табылады, олардың ішінде 4-еуі отбасы және балалар саласында осы жылды автоматтандырылды.

2016 ж. 9 ай ішінде облыстың білім беру ұйымдарымен 103 024мемлекеттік қызметтер көрсетілген:

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылмаған.

Құқықтық оқытуды, құқықтық мәдениетті арттыруды жүзеге асыру үшін білім басқармасы қызметкерлерімен мүдделі ведомстволардың қызметкерлері шақырылуымен лекциялық сабақтар түрінде құқықтық жаппай оқытулар өткізіледі.

Жемқорлықтың алдын алу бойынша тиімді жұмыс үшін білім басқармасының құрылымында ішкі бақылау қызметі құрылған.

Кадраларды іріктеу және жинақтау бойынша жұмыс жетілдірілуде. Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға үміткер тұлғаларды жұмысқа қабылдау кезінде жемқорлыққа қарсы заңнамаларды білуіне аса назар аударылады.

Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру бойынша жоспарлар, ведомстволық және аймақтық жоспарлар, жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жоспарлары іс-шаралары жоспарының орындалуы немесе орындалмауы (себебі) туралы мәлімет.

ҚР Білім және ғылым министрінің 14.01.2016 ж. № 24 бұйрығымен бекітілген білім мекемелерінде жастар ұйымын тартумен және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелері енгізіліп сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына шыдамауды қалыптастыру бойынша жоспар толық көлемде іске асырылуда.

Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында облыс мектептерінде құқықтық тәрбие бойынша 539 ашық сабақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа 938 сабақтан тыс ашық іс-шаралар, құқық қорғау органдарының өкілдерімен 84 тақырыптық кездесу, сонымен қатар екі облыстық балалар шығармашылығы байқауы өткізілді

Жеке ақпараттық интернет-қоры базасында білім ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жақсартылды. 2016 ж. екінші тоқсанында білім ұйымдары сайттарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттар бағыты 2016жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда көбейді, бұл өткізілген жұмыстардың нәтижесі болып табылады. Облыстың барлық мектептері атқарылған қызметтері туралы есептерін, сонымен қатар өткізілген тақырыптық іс-шаралары туралы жарияланымдарын жүйелі орналастырып тұрады. 112 мектепте күнтізбелік жұмыс жоспарымен бірге білім ұйымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бағдарламасы әзірленіп орналастырылған.

Облыстың мектептері мен колледждерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты, азаматтық ұстаным мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіптің тұрақты дағдысын қалыптастыру тек «сыбайлас жемқорлық» және «сыбайлас жемқорлықтық» сөздерін қолдану арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық-патриоттық тәрбие, заңнама, қаржы салаларында құқықтық ағартушылық, балалар мен олардың ата-аналарының өмірлерінің барлық аспектілері арқылы іске асырылады.

Қаржылық түсімдер мен шығындардың есебін сауатты жүргізуге, ақшалай қаражатты жұмсауға, қаржы құралдарын дұрыс дұрыс таңдауға және қаржы институттарының беріктігін анықтауға мүмкіндік беретін қаржылық білім балалар арасында үлкен қызығушылық тудырады. «Оқу орындарындағы қаржылық сауаттылық күндері» аптасы шеңберінде 1-11 сыныптың 12 мыңнан астам оқушылары қатысқан 694 ашық сабақ пен 718 сабақтан тыс іс-шаралар өткізілді

10-25 сәуір аралығында Ақмола облысының мектептері мен интернаттық мекемелерінің 5-7 сынып оқушыларының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында суреттер байқауы өткізілді. Байқауға 23 адам қатысты.

Ағымдағы жылдың маусым айында облыста 648 мектеп жанындағы, 19 қала сыртындағы, 156 палаталық лагерьлер ашылды, әрқайсының жоспарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы іс-шаралар қарастырылған. 2016 ж. маусым айында облыстың 45 мыңнан астам оқушысы «Сыбайлас.

Жемқорлықтың қайнары мен себептері» тақырыбындағы дөңгелек үстел, «Сыбайлас жемқорлар елді бұзады» атты диалогтық алаң және басқа іс-шаралардың қатысушылары болды.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 18 қазан күні облыстық теледидарда "Көрсетілетін қызметтердің сапасының негізгі көрсеткіштері туралы хабардар ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылардың құқықтары туралы және оның сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ету шараларына байланысы тұрғысынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы азаматтардың хабардар болуын арттыру" тікелей эфир өткізілген, Ақмола облысы білім басқармасының басшысының орынбасары В. Гамазов қатысуымен тікелей эфир өткізілді.

Білім басқармасы сыбайлас жемқорлыққа фактілерін жою бойынша жұмыстарды әрі қарай жалғастырады.

Автор: Н. Кадралиева
Просмотров: 797
Дата создания: 5 Декабря 2016 г.
Дата редактирования: 5 Декабря 2016 г.
www.egov.kz
Опрос