Список документов
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламаның бірінші бағыты іске асыру, оның ішінде техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша түсініктемелер

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі-Министрлік) Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламаның бірінші бағыты іске асыру, оның ішінде техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша түсініктемелер жолдайды.

1. Қатысушылардың санаттары:

Қатысушыларға жас ерекшелігі шектеусіз әртүрлі санаттаға азаматтар кіреді:

- 9-11-сыныптарды бітірушілер (орта мектептің аяқталуына қарамастан);

- оқу орындарына түспеген (жасына қарамастан);

- жұмыс іздеп жүрген адамдар (оның ішінде жұмыссыз жүргендер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жасына қарамастан);

- тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері;

- азаматтардың өзге санаттары.

Жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – табыс алу үшін тауарлар өндірумен (өткізумен), жұмыстар мен қызметтер көрсетумен дара айналысатындар, өндірістік кооперативтер мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілердің еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері қатарындағы жеке тұлғалар. Жасына қарамастан.

Өзге санаттағы адамдарға:

- көп балалы отбасылардан шыққан балалар;

- атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;

- жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;

- дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;

- интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;

- денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда, сондай-ақ қалпына келтіру емін жасайтын және медициналық оңалту ұйымдарында оқитын балалар;

- жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;

- даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

- кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы балалар жатады.

2. Мемлекеттік қолдау шаралары:

ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.

Жетім балалардан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан, қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтіп жатқан адамдардан басқа Бағдарламаға қатысушылар жетім балалар үшін күндізгі рацион құнының 40 пайыздық есебімен біржолғы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 Қаулысына өзгеріс енгізу енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 қарашадағы № 702 қаулысына сәйкес стипендия ағымды үлгерімінің көрсеткіштері нәтижелеріне қарамастан төленеді.

Жетім балаларға және мүгедектерге білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау сәйкес стипендияға белгілі бір мөлшерде қосымша ақы төленеді. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысы).

Материалдық көмек келесі көлемде беріледі:

- облыс шегінде, бірақ Бағдарламаға қатысушылар тұрақты тұратын елді мекендерден тыс орналасқан білім беру ұйымдарында білім алған барлық кезеңде оқу орнына баруға және қайтуға 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жол жүруге;

Материалдық көмек білім беру ұйымы келуі туралы берген анықтаманың негізінде шығыстарды растайтын құжаттар ұсынылмай төленеді.

3. Бағдарламаға қатысушыларды ауыстыру:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес ауыстыру каникул кезінде жүргізіледі.

- Бағдарламаға қатысышыларды оқудан шығарған жағдайда мынадай санаттағы Бағдарламаға қатысушы оқудан шығарылған жағдайда оларды аудандық (қалалық) комиссияның келісімімен қолда бар бос жұмыс орындарына демалыстық емес кезеңде ауыстыруға немесе қабылдауға жол беріледі:

- 9-11 сынып бітірушілер, оқу орындарына түспеген адамдар (оқу жылы басталғаннан кейін бір ай ішінде);

- ақылы негізде, оның ішінде ұқсас кәсіп бойынша оқып жатқандар.

Үміткерді ауыстыру немесе қабылдау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

- үміткер еркін нысанда білім беру ұйымы басшысының атына бос орынға ауыстыру немесе қабылдау туралы өтініш береді;

- білім беру ұйымының басшысы осы өтінішті қарап, аудандық (қалалық) комиссиямен келісу бойынша үміткерді бос орынға ауыстыру немесе қабылдау туралы бұйрық шығарады.

4. Академиялық демалысты беру

Академиялық демалыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығына сәйкес Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларына беріледі.

Қысқа мерзімді курстарда білім алушыларға академиялық демалыс беру (қысқа мерзімді кәсіптік білім жұмыс кадрларын еңбек нарығында қажет мамандықтар мен дағдылар бойынша) қарастырылмайды.

5. Есеп беру туралы:

Облыстық, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармалары Министрлікке+ кадрлар даярлау жөнінде әрбір айдың бірінші күніне қосымшаларда берілген нысандар бойынша, сонымен қатар портал арқылы электрондық түрде/қағаз түрінде «Еңбек нарығы» атты ақпараттық жүйеге есеп беру қажет.

Автор: Р. Сайлаубеков
Просмотров: 188
Дата создания: 6 Февраля 2018 г.
Дата редактирования: 6 Февраля 2018 г.
www.egov.kz
Опрос