Список статей
Бірінші ІТ-орталық Көкшетау қ. Жоғары колледжінде ашылды!

«Нұр Отан» партиясының бесенді жобаларын жүзеге асыру аясында «Цифрлық Қазақстан үшін жас бағдарламашылар» ІТ-орталығының ашылуы 2018 жылғы 13 қыркүйегінде Көкшетау қ.Жоғары колледжінде өтті.

ІТ-орталығының ашылу мақсаты: заманауи ІТ-шешімдерді игеру мен қолдану, халықтың хал-ахуалын жақсарту, цифрлық өнімдерді даярлау үшін жас мамандарды дайындау болып табылады.

Салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Мысырәлім Айна Ермекқызы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы мен білім басқармасының өкілдері, колледждің оқытушылары мен студенттері және ІТ-лицей мен М.Ғабдуллин атындағы №3 кәсіби МГ оқушылары қатысты.

Аталған орталық жастардың инновациялық шығармашылық орталығы ретінде жұмыс істейді. ІТ – орталығы модульдер бойынша, яғни инженерлік графика және 3Д технологиялар, логистикалық бақылаушыларды бағдарламалау, мехатроникалық және роботтаған жүйелер, web-сайттарды әзірлеу, ғаламтор қосымшаларды даярлайды.

Осы күні колледждің 25 «озық» студенттері мен түлектері цифрлық технологиялар, кәсіпкерліктің басқа да бағытындағы ұялы қосымшалар саласында стартап-жобаларды ұсынды. Ашылған ІТ-орталық жастардың кәсіпкерлігін дамыту арқылы еліміздің экономикасына қажетті бизнес-жобаларды құрастырады.

Жоғары колледж студенттерінің түрлі аймақтық және республикалық байқауларда жеңіп алған жүлделері маңызды жетістіктердің бірі болып табылады. Роботтардың презентациясында Габдуллин Жанат пен Колондаров Дмитрий 2018 жылғы қазан айында Астанада өтетін WorldSkillsKazakhstan 2018 Ұлттық чемпионатына «Мобильдік робототехника» компетенциясы бойынша сайысуға баратындары туралы бөлісті. «Біз колледжіміздің атынан барып жеңіске жетеміз деп үміттенеміз, одан кейін халықаралық чемпионатқа қатысқымыз келеді» - деп күлімсірейді жігіттер.

IT-орталық мобильді робототехниканың заманауи кешендерімен жабдықталған: MYRIO, LEGO процессорындағы ардуино, тетрикс, сондай-ақ ІТ-орталық сапасы өте жоғары моноблоктармен, LCD акустикалық жүйесімен қамтылған.

Автор: И.Калимжанова
Просмотров: 148
Дата создания: 14 Сентября 2018 г.
Дата редактирования: 14 Сентября 2018 г.
www.egov.kz
Опрос