Список статей
Отбасылық өмірдің құндылықтары

Отбасы күніне орай «Өнегелі ұя» дөңгелек үстелінің отырысы 12 қыркүйек күні Сервистік-техникалық колледжінде өтті. Достық, отбасылық атмосферада Рахымжановтар жанұясын құрметпен қарсы алды, сол отбасының бір мүшесі Азамат Төлеубек ұлы колледждің оқытушысы болып қызмет жасайды. Төлеубек Рахымжанұлы мен Зұбайла Шияпқызы студенттерге бақыт, бала тәрбиесі жөнінде әңгімелеп берді, ұзақ отбасылық өмірдің құпиясымен бөлісті. Әңгімеге белсенді қатысқан студенттер мен оқытушылар тәрбие, отбасылық өмірдің құндылықтары туралы сұрақтар қойды. Ұйымдастырушылар болашақта осындай отбасылық іс-шаралардың өткізуін дәстүрге айналдыратындарын уәде етті.

Автор: И.Калимжанова
Просмотров: 53
Дата создания: 13 Сентября 2018 г.
Дата редактирования: 13 Сентября 2018 г.
www.egov.kz
Опрос