Список статей
Отбасылық клубінің презентациясы

Отбасы мен мектеп – бала тәрбиесіндегі ажырамас серік. Отбасы адамгершілік қүндылықтар, мәдениет пен ұрпақтардың тарихи сабақтастығын сақтаса, мектеп баланың жан жақты дамуының негізі болып табылады. Отбасы күні мейрамының қарсағында өткен Зеренді ауданы Абай орта мектебінің «Нұрлы шағырақ» отбасылық клубының таныстырылымы осының жарқын мысалы.

«Сoworcing» пішіміндегі отбасылық клубы ата-аналар мен оқушылардың бірлескен бос уақытын ұйымдастырып, «отбасылық қонақ» күнін ұйымдастыра отырып, мектеп оқушыларының отбасыларына психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жасайды. Оқушылардың аудандық және облыстық іс-шараларға белсене қатысуы, оқудағы көрсеткештерінің өсуі және ата-аналардың мектеп өміріне белсене қатысуы осы жұмыстардың нәтижесі.

Осындай жобалардың іске асуы мектеп пен отбасының «қатар өмір сүру» қалпынан тығыз байланыстағы, әрекетке өтуіне себепші болмақ. Бұл ынтымақтастықта мектеп жетекші ұйым және басқарушы күш.

Автор: И.Калимжанова
Просмотров: 159
Дата создания: 7 Сентября 2018 г.
Дата редактирования: 7 Сентября 2018 г.
www.egov.kz
Опрос