Список статей
Менің шағын Отаным

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын «Туған жер» бағдарламасында іске асыру аясында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылдың 1-3 қарашасында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университет қабырғасында «Менің шағын Отаным» атты жас тарихшылардың І республикалық зияткерлік байқауын өткізді.

Байқау мақсаты: туған елінің тарихына қызығушылық білдіретін дарынды оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, қоғамдық белсенділікті қалыптастыру және өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімін дамыту, оған қоса оқушылардың Қазақстан тарихы және өлкетану бойынша білімдерін дамыту.

Ақмола облысының намысын қорғау құрметі Зеренді ауданының Айдабол орта мектебіне берілді. Топ құрамына 9 «Б» сынып оқушылары кірді: Аманжолова Аделия, Қасымова Дина, Майер Кристина, Яндуткина Карина.

Байқау екі турдан тұрды:

І тур – Қазақстан тарихы бойынша тестілеу. Қыздар сынақтан абыроймен өтті.

ІІ тур –4 номинация бойынша:

«Менің шағын Отанымның тарихы» номинациясында Яндуткина Карина бейнерепортаж дайындап, елді-мекеннің тарихын (географиялық атауы, құру тарихы, негізгі даму кезеңдері, жергілікті табиғат пен климаттың ерекшеліктері, халық саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық саланың мекемелері туралы ақпарат) ашты, ауылдық округ әкімінен және «Айдабол спирт зауыты»АҚ президентінен өзінің тақырыбы бойынша сұхбат алды.

Каринаның репортажы жарқын, фактілергі толы болды, және ілеспе материалмен толықтырылды, бірақ, өкінішке орай, техникалық себептерге байланысты видео ашылмай қалды. Карина абдырамай, дайындаған репортажы жайлы, қандай тақырыпты қозғағанын және нені көрсеткісі келгенін өзі айтып берді.

«Шағын Отанымның нысаны» номинациясында Қасымова Дина неге Отанының нысаны деп қайың мен қайың шоқтарын санайтынын айтты.

«Менің Отаным – Айдабол аулы: анда-санда құйылып кететін Жабай өзені, мектепке дейінгі жол, бәрі де маған таныс әрі жақын болатын жер. Белестер мен тоғайлардан тұратын қайталанбас ландшафт, қайың шоқтары және қарағай орманы. Дөңнен ашылған көріністен тынысың тарылады. Мөлдір, құлақтың сыңғырына дейін таза ауа. Шашылған моншақтың маржандарындай әр жерде қайың шоқтарын көресің, оларға барсаң, сұлу құрбыларың – қайың ағаштарын көресің. Ол жер – жаның жай табатын, өзіңе қайта келетін жер, онда ешкімнің алдында ойың мен қылықтарың үшін жауап берудің керегі жоқ, ол жерде ешбір сөз айтпай, өзіңе маңызды заттарды ойлайсың». Өзінің шағын отанының нысанын бейнелей отырып, Дина мынадай шешімге келді: «...Қайың шоқтары туралы өткен шақта ойлағым келмейді. Жиі-жиі олардың азаюына адамның шаруашылық жұмыстары әсер ететінін көремін. Қайың орманында отбасылық демалыс ұйымдастыру – жақсы дәстүр, осы жақсы дәстүр өзімнің болашақ отбасымның да дәстүрі болатын, менің балаларымның дәстүрі болатынын армандаймын.»

«Шағын Отанымның болашағы» номинациясында Майер Кристина макет көрсетті. Ауылда бақытты өмірге қажетті өзгерістер жайында ойлай отырып және ауылдың кішкене бөлігін (аулдық клуб және қараусыз қалған саябақ) болашақта көрсетіп, оқушы келесі тұжырым жасады:

«Сөйтіп, мен армандайтын ауыл – адамға деген үлкен махаббат пен құрмет аулы, өзгеретін, құлпыратын ауыл, сонда ешкім де ауылдың болашағы жоқ деп айта алмайды.»

Кристинаның жұмысы жоғары бағаланып, ол 3 орынға ие болды және 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Менің туған өлкем» номинациясында қатысушылар берілген 4 тақырыптың біреуін таңдап, эссе жазды. Аманжолова Аделия «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбын таңдады. Ол тақырыпты өзінің үйінде ұстанатын салт-дәстүрлер арқылы ашты. Эсе жоғары бағаланып, Аделия ерекше жетістіктер үшін Мадақтама алды.

Байқау соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Автор: Н. Мищерина
Просмотров: 29
Дата создания: 7 Ноября 2018 г.
Дата редактирования: 7 Ноября 2018 г.
www.egov.kz
Опрос