Список статей
«Жаңашыл мұғалім-2018» байқауының қорытындысы

«Bilim Media Group» компаниясының ұйымдастыруымен «Жаңашыл мұғалім-2018» жыл сайын өткізілетін байқауы аяқталды.

Аталмыш байқаудың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша «Шағын жинақты мектептегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымында Ақмола облысы Ақкөл ауданы, Новорыбинка орта мектеп-бақшасының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шукеева Алия Кабидоловна жеңімпаз атанды.

2018 жылғы 25 мамыр күні «Bilim Media Group» компаниясының өкілдері жеңімпазды диплом және 250 мың теңге көлеміндегі сертификатпен марапаттайтын болады.

Автор: Г. Мажитова
Просмотров: 113
Дата создания: 22 Мая 2018 г.
Дата редактирования: 22 Мая 2018 г.
www.egov.kz
Опрос