Список статей
Ақмола облысының мектеп директорларының Кеңес отырысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің № 20 бұйрығы «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын әдіснамалық қамтамасыз етуді үйлестіру туралы» негізінде Ақмола облысындағы жалпы білім беру мектеп директорларының Кеңесі құрылды. Бұндай Кеңес білім басқармасы жанындағы консультативті-кеңесші органы болып табылады. Директорлар Кеңесіне Ақмола облысынан 22 басшылар енді ( әр ауданнан 1 адам), бұлар табысты, тәжірибелері мол, беделді басшылар.

2018 жылғы 5 наурыз күні сағат 15-00-де Ақмола облысы білім басқармасы ғимаратында мектеп директорларының алғашқы Кеңес отырысы сұхбат, дөңгелек үстел түрлерінде өтті. Кеңестің құрамымен Ақмола облысының білім басқармасының Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің басшысы Әсемгүл Тулеханқызы Сүлейменова таныстырды. Отырыста келесі сұрақтар қарастырылды: «Педагогикалық мамандық құндылықтары. «Педагог» Кәсіби стандарты туралы оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Жанаргүл Дәулетқызы Баймақова айтып өтті және директордың орынбасары Гулнар Бүркітбайқызы Кушпаева бұл тақырыптағы мәселені ары қарай жалғастырды. Басшылардың аттестациясы туралы және педагогикалық этикасы жөнінде және басшылардың бәсекелестік ережелерінің тәртібімен Майра Меймандықызы Төлегенова баяндады.

Кеңес мүшелері Ақмола облысы жалпы білім беру мектептердегі басқарудағы мәселелерді талқылап, 2018 жылға арналған Кеңестің жоспарын құрды. Отырыс шығармашыл, жақсы ниетте өткізілді.

Автор: М. Төлегенова, Ж. Даниярова
Просмотров: 270
Дата создания: 6 Марта 2018 г.
Дата редактирования: 6 Марта 2018 г.
www.egov.kz
Опрос