Список статей
ҚР Парламент Мәжілісінің Депутаты Ақмолалық студенттермен кездесті

Көкшетау қаласында қаланың Жоғары колледжінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Жанат Омарбекова колледж студенттерімен кездесті. Іс-шара депутаттардың өңірлердегі халықпен көшпелі кездесулерінің шеңберінде өтті – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласы, Жоғары колледж» МКҚК техникалық және кәсіптік білім берудің «Жұмысшы - Орта буын маманы - Кіші инженер» көпсалалы модельдер бойынша жұмыс істейтін және еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде маңызды орын алатын Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. Оқу орнында жұмысшыларға, орта буын мамандарына және болашақ инженерлерге білім беру мақсатында замануи оқу-өндірістік және технологиялық құрылғылар жеткілікті, әрі цифрлік ақпараттық технологиялар бойынша оқытылады.

2017 жылғы 20 маусымнан бастап Көкшетау қаласы, Жоғары колледж

2017-2021 жылдары Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлау бағыты бойынша іске кірісті.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап колледждің шалғайдағы ауылды жерлерде тұратын адамдар үшін мобильді оқу орталығының (МОО) базасында 22 салада кәсіптік оқыту курстарын өткізудің ерекше мүмкіндігі бар.

Мобильді оқу орталығы Бағдарламаның қатысушыларын тұрғылықты жерінен кетпей оқытуға мүмкіндік береді және талап етілетін жұмыс орындарының, атап айтсақ, азаматтық және жол құрылысы, автокөлік қызметтері, жиһаз және ағаш ұстасы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 1С Бухгалтерия, кәсіпкерліктің негізі, Ғаламтор пайдаланушылардың жедел бағдарламаларын кең ауқымын қамтиды.

Көкшетау қаласы, Жоғары колледж Бағдарламаға қатысушылардың өтініші бойынша «жедел курстарды» игеру үшін екі аптадан бір айға дейін созылатын күндізгі немесе кешкі оқу нысандарын таңдауға мүмкіндік береді.

Жанат Омарбекова колледж студенттерімен кездесуін ашып жатып, депутаттар істердің жағдайын жақсартуға бағытталған, елімізде болып жатқан реформалардың мәні туралы ақпараттандыру, азаматтардың өзекті мәселелерімен, олардың ескертулері және ұсыныстарымен танысу мақсатында еліміздің көптеген өңірлерінде болғандығын атап өтті. Өткізілген кездесулер алдағы уақытта заң шығарушылық жұмыстың өзектілілігінің кепілі болады. Депутат білім алу үшін колледжде жақсы жағдайлар жасалғандығын айтып кетті.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 128
Дата создания: 12 Января 2018 г.
Дата редактирования: 12 Января 2018 г.
www.egov.kz
Опрос