Список статей
Қ.Сәтбаев атындағы ІІ химия пәні олимпиадасының облыстық кезеңі

2018 жылғы 10 қазанында Көкшетау қаласының Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік университетінде 9-сынып оқушылары арасында Қ.Сәтбаев атындағы ІІ республикалық химия пәні олимпиадасының облыстық (іріктеу) кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты дарынды баларды анықтау үшін жағдай жасау, оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыт пәндеріне қызығушылығын ояту, химия пәнінен теориялық білімдері мен практикалық шеберліктерін шыңдау болып табылады.

Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен – Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы – Байсеитова Айжан марапатталды; ІІ дәрежелі дипломдармен – Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы – Жанабеков Аян және Көкшетау қаласы, № 5 «Таңдау» мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы – Шапагатова Камила марапатталды; ІІІ дәрежелі дипломдармен – Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы – Зарипханова Айнур,Көкшетау қаласы, № 17 орта мектебінің 9 сынып оқушылары –Барисова Дарья және Умнова Марина марапатталды.

Барлық қатысушыларға олимпиадаға қатысқаны туралы сертификаттар табысталды.

І, ІІ орын иеленген жүлдегерлер Жезқазған қаласында өтетін Қ.Сәтбаев атындағы республикалық химия пәні олимпиадасында Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.

Олимпиада жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Автор: А.Алдабергенова
Просмотров: 56
Дата создания: 11 Октября 2018 г.
Дата редактирования: 11 Октября 2018 г.
www.egov.kz
Опрос