Список статей
Білім басқармасының басшысы семинар барысында мұғалімдер қауымымен кездесті

Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылғы 11-12 қыркүйек күндері Целиноград ауданы № 2 Қараөткел орта мектебінің базасында «Білім беру ұйымдарында инновациялық қызметті ұйымдастыру» тақырыбында директорлардың ғылыми - әдістемелік, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған екі күндік оқыту семинары ұйымдастырылды.

Семинар барысында 2018 жылғы 11 қыркүйек күні Целиноград ауданы № 2 Қараөткел орта мектебінің базасында Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Т.Т.Жүнісовтың Целиноград аудандық мектеп директорлары орынбасарларымен кездесуі болып өтті. Іс – шара ауданның білім беру саласында өзекті мәселелерді шешуге, оның ішінде мектептерде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытудың сапасына және педагогтардың біліктілігін арттыруға арналды. Кездесу жылы да жайлы өтті. Талғат Тұрлыбекұлы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуымен, педагогтар мен білім алушылардың жетістіктерімен танысты.

Автор: Б.Гельманова
Просмотров: 47
Дата создания: 12 Сентября 2018 г.
Дата редактирования: 12 Сентября 2018 г.
www.egov.kz
Опрос