Список статей
Талғат Жүнісов: Жазғы лагерлерде Ақмола облысы оқушыларының 99%-ы дем алады

Жазғы демалыстарда Ақмола облысында ұйымдастырылған демалыспен және еңбекпен 110900 оқушы қамтылатын болады, бұл облыстың 99,1% оқушыларын құрайды. Бұл мақсаттарға 104-тен астам миллион теңге бөлінді. Балалар мектеп жанындағы, қала сыртындағы және республикалық лагерлерде дем ала алады. Бұл туралы Ақмола облысы білім басқармасының басшысы - Талғат Жүнісов айтты.

Жұмыс туристік, спорттық-сауықтыру, шығармашылық және интеллектуалдық бағытта жүргізілетін болады. Басымдылық тәртіппен жазғы демалыспен және еңбекпен 100% жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары, кәмелетке толмаған - «қауіп» тобындағы оқушылар қамтамасыз етілетін болады. 18 қала сыртындағы сауықтыру орталықтарында жоғарыда көрсетілген тізімдегі балалар тегін дем ала алады, бұл тізімге жатпайтын оқушылар үшін мемлекеттік балалар сауықтыру орталықтарына жеті мыңнан бастап арнайы бағамен жолдамалар ұсынылады. Сонымен, мемлекеттік жазғы лагердегі бір маусымға жолдаманың бағасы жазғы лагерде болу уақытына байланысты 7 мыңнан 45 мыңға дейін жетеді. Жеке меншік лагерде кезеңнің ұзақтығы мен орталықтардың инфрақұрылымына байланысты жолдаманың бағасы 55 мыңнан 80 мың теңгені құрайтын болады.

Одан басқа, өңірде облыстың білім беру ұйымдарының базасында 600-ден астам мектеп жанындағы лагерлер жұмыс істейтін болады. Педагогтар балаларға қызықты және танымдық бағдарлама дайындауда, оған музейлерге, театрларға бару, туған өлкені зерттеу, саяхаттар ұйымдастыру кіретін болады. Қазба жұмыстарымен айналысатын оқушылар үшін археологиялық қазба жұмыстары күтуде.

Ақмола облысы білім басқармасының ақпараты бойынша жазғы және мектеп жанындағы лагерлерден басқа облыс оқушылары маусым айынан тамыз айына дейін «Ұлы дала - Елі» экспедициясына қатысатын болады, 10 мыңға жуық оқушы еліміздің мінажат орындары бойынша танымдық саяхатқа қатысады, 100-ден астам оқушы ауыл өмірін зерттеу, дәстүрлер мен ғұрыптар жүйесіне енетін «Бір апта ауылда» әлеуметтік бастамаға қатысады. Жыл бойғы «Звездный» БСО аумағында шатырлы лагерлер арқылы «Рухани жаңғыру» идеясының контекстінде әскери-патриоттық тәрбие іске асырылатын болады.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 102
Дата создания: 21 Мая 2018 г.
Дата редактирования: 21 Мая 2018 г.
www.egov.kz
Опрос