Список статей
Ақмола облысының білім беру ұйымдары арасында «Жыл отбасы» облыстық конкурсы

2018 жылғы 19 қазан күні Көкшетау қаласында №1 құрылыс - техникалық колледжінің базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақмола облысының білім беру ұйымдары арасында «Жыл отбасы» облыстық конкурсы болып өтті. «Жыл отбасы» конкурсы «Отбасы әлемі» жобасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жоспарын орындау барысында ҚР Президенті Н. Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген тапсырмаларды іске асыру мақсатында ұйымдастырылып, өткізілді.

«Жыл отбасы»конкурсына Ақмола облысы бойынша 19 отбасы қатысты.

Конкурстың мақсаты мен міндеттері отбасы институтын нығайту, ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау және көрсету, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау, отбасының беделін арттыру, отбасылық құндылықтарды бекіту, өңірде осындай іс-шараларды (конкурстар, фестивальдер, акциялар) өткізуді ынталандыру және қолдау.

Конкурс 3 кезеңнен тұрды:

1.Визит карточкасы.

Барлық қатысушылар өз отбасыларын таныстырды. Отбасын құру тарихын, отбасылық дәстүрлерін айтты.Қатысушылар креативтілік, әртістік деңгейін танытты.

2. Отбасылық таланттарды көрсету.Конкурсқа қатысушылары шығармашылық нөмірлерін ұсынды: қойылымдар, танымал авторлардың әндеріне поппури орындау, би нөмірлері.

3. Шығармашылық-шабыт көзі. Конкурс қатысушылары өз қолдарымен жасалған бұйымдарды ұсынды.

«Жыл отбасы»конкурсы келесі критерийлер бойынша бағаланды:

1) конкурсқа қатысушылардың өнерін ұйымдастыру және эстетикалық ұсынуы;

2) іске деген шығармашылық көзқарас;

3) жалпы тапсырманы орындау үшін отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуі (ұйымшылдық);

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

І орын және 100 000 мың теңге ақшалай сертификатпен Целиноград ауданының Мекебай Бақытбектің отбасы;

II орын және 80 000 мың теңге ақшалай сертификатпенЕсіл ауданының Хасенова Жанар Рамазанованың отбасы;

ІІ орын және 80 000 мың теңге ақшалай сертификатпен Жақсы ауданының Нұржанов Дәулет Зиядаұлының отбасы;

III орын және 65 000 мың теңге ақшалай сертификатпен Ақкөл ауданының Садвокасова Татьяна Александровнаның отбасы марапатталды;

ІІІ орын және 65 000 мың теңге ақшалай сертификатпен Атбасар ауданы Дюсембеков Қанат Қажымұқанұлының отбасы марапатталды;

ІІІ орын және 65 000 мың теңге ақшалай сертификатпен Ерейментау ауданының Ерденов Ержан Бектемірұлының отбасы марапатталды.

«Жыл отбасы» облыстық конкурсына белсенді қатысқаны үшін 13 отбасы Ақмола облысы білім басқармасының грамотасымен марапатталды .

Автор: А. Кажахметова
Просмотров: 69
Дата создания: 22 Октября 2018 г.
Дата редактирования: 22 Октября 2018 г.
www.egov.kz
Опрос