Список статей
Ақмолалық оқушылар қазақ тілі бойынша республикалық қашықтық олимпиаданың жүлдегерлері

Астана қ. өзге ұлттардың 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты қазақ тілі бойынша ХІ республикалық қашықтық олимпиаданың қорытынды туры өтті, онда Ақмолалық оқушылар Алина Арешта мен Артур Савлук күміс пен қола ұтып алды – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Ақмола облысын 7 қатысушы қорғады, екеуі жүлделі орын иеленіп, төртеуі грамоталармен аталып өтті. Олардың барлығы жоғары балдар жинаған облыстық қашықтық турнирдің қатысушылары. Олимпиаданың мақсаты мемлекеттік тілді интеллектуалдық және рухани дамуы және қарым-қатынас құралы ретінде еркін меңгеретін лингвистикалық қабілеті жоғары және қазақ тілін үйренуге талаптанатын оқушыларды анықтау және қолдау болып табылады. Біздің өзге ұлт өкілдерінің балалары қазақ тілін үйренуде үлкен қызығушылық танытады. Олардың көбі мемлекеттік тілді жетік біледі» - деді Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Роза Иманова.

Екінші дәрежелі дипломның иегері Артур Савлук: «Маған қазақ тілін үйренген ұнайды, мен жүлделі орын иеленгеніме өте қуаныштымын. Менің ұстаздарым мені мақтан тұтады. Бұл тамаша тілді әрі қарай үйренетін боламын».

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 152
Дата создания: 8 Января 2018 г.
Дата редактирования: 8 Января 2018 г.
www.egov.kz
Опрос