Список статей
Ақмола облысында колледж педагогтарының біліктілігін арттыру курстары басталды

Білім беру мазмұнын жаңарту толығымен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қамтыды.

Қазақстанда білім беру моделі мен техникалық және кәсіптік білім берудің инфрақұрылымын оңтайлы құрудың негізгі факторларының бірі білім беру бағдарламаларының мазмұны жұмыс берушілердің талаптарына, халықаралық стандарттарға сәйкестігі болып табылады.

Модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу- кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету бағыттарының бірі.

Бұл бағдарламалар «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ- мен қазақстандық жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып халықаралық талаптарға сәйкес әзірленді.

2018 жылғы мамыр - қазан аралығында Ақмола облысында Ақмола облысының ТжКББ ұйымдарының 298 инженер- педагог қызметкеріне арналған біліктілікті арттыру курстары басталды. Жаттықтырушылар холдингтің штаттан тыс жаттықтырушылары болып табылады. Сабақтар колледждердің базаларында өтеді. Курс тыңдаушылары - колледж басшылары, орынбасарлары, әдіскерлері, оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері.

Автор: С.Сералина
Просмотров: 137
Дата создания: 29 Мая 2018 г.
Дата редактирования: 29 Мая 2018 г.
www.egov.kz
Опрос