Список статей
«Балаларға қосымша білім беру саласында инклюзивті білім беру: мәселелері және оларды шешу жолдары» облыстық нұсқаулық семинарды өткізу туралы ақпарат

Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру Кеңесінің инклюзивті және арнайы білім беру іс - шаралар жоспарына сәйкес Шучинск қаласы «Арман» мектептен тыс оқу –тәрбие жұмыс орталығында «Балаларға қосымша білім беру саласында инклюзивті білім беру: мәселелері және оларды шешу жолдары» облыстық нұсқаулық семинар болып өтті.

Семинардың мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушыларға тең білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша қосымша білім беруді дамыту міндеттерді анықтау және осы проблеманы шешуде оң тәжірибені тарату.

Семинар жұмысына білім бөлімдерінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскерлері, қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, облыстық ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және әдіскерлері қатысты.

Қойылған мақсатқа сай облыстың қосымша білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды дамыту және қамту мәселелері қарастырылды.

Семинардың қорытындысы бойынша ағымдағы мәселелер талқыланды, шешілді және қорытындысы шығарылды. Әдістемелік ұсынымдар берілді.

Автор: С.Тулемисова
Просмотров: 122
Дата создания: 29 Мая 2018 г.
Дата редактирования: 29 Мая 2018 г.
www.egov.kz
Опрос