Список статей
«Үздік қазақ тілі пәні мұғалімі» облыстық конкурсы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Ақмола облысы әкімінің бастамасымен 2018 жылғы 24-25 қыркүйек аралығында Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында жалпы орта білім беретін мекемелеріндегі орыс тілде оқытылатын сыныптарға сабақ беретін «Үздік қазақ тілі пәні мұғалімі» облыстық конкурсы өткендігін хабарлайды.

Конкурстың мақсаты: Ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау.

Облыстық конкурсқа Ақмола облысы бойынша 15 мұғалім қатысты. Конкурс келесі кезеңдер бойынша өткізілді:

- Өзін-өзі таныстыру;

- Педагогикалық жағдайларды талдау;

- Бейне сабақтың презентациясы;

- Қатысушының портфолиосы;

- «Әдістемелік идеялар панорамасы» шығармашылық зертханасы.

Конкурсқа Ақмола облысының білім басқармасы, тілдерді дамыту басқармасы, Білім саласындағы бақылау департаменті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті және облыстық оқыту-әдістемелік орталығының мамандары төрелік етті.

Конкурстың қорытындысы бойынша жүлдегерлерді облыс әкімі М.К.Мырзалиннің қатысуымен өтетін мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шарада марапаттау жоспарланып отыр.

Автор: И. Калимжанова
Просмотров: 52
Дата создания: 4 Октября 2018 г.
Дата редактирования: 4 Октября 2018 г.
www.egov.kz
Опрос