Список статей
2017-2018 оқу жылын 2018 жылғы 12 шілдедегі Ақмола облысы білім басқармасының коллегиясында қорытындылады

Коллегияның қатысушылары басшының орынбасарлары мен білім басқармасы бөлімдерінің бастықтары, білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры, Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының директоры, қала- аудандар білім бөлімдерінің басшылары, аудан (қала) білім бөлімдері әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері, облыстық арнайы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарының директорлары болып табылды.

Кеңесте 2017-2018 оқу жылының қорытындылары және педагогикалық қызметкерлердің аттестациясын жүргізу мен орта білім беру мемлекеттік мекемелерінің басшыларын алмастыру жөніндегі конкурстарды өткізу қорытындылары қарастырылды.

Отырыс барысында білім бөлімдерінің жаңа басшылары таныстырылды: Егіндікөл ауданындағы – Шевцов Владимир Викторович және Ерейментау ауданындағы – Нуртазин Совет Темиртаевич.

Осы сұрақтарға қоса білім ұйымдарындағы жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарының жағдайы, 2018-2019 оқу жылына оқулықтырды қамтамасыз ету, ерте жүктіліктің алдын-алу және кәмелетке толмаған балалардың арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау жөніндегі тәрбиелік жұмыстары туралы сұрақтар қарастырылды.

Үш жылдың төңірегінде білім беру жүйесінде кезең-кезеңмен жаңартылған білім беру бағдарламасы енгізілуде. Сапалы енгізудің негізгі факторы – оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз ету, осы сұрақ қызу талқылауға салынды.

Коллегияның соңында қатысқандарға нақты ұсынымдар берілді.

Автор: И. Калимжанова
Просмотров: 63
Дата создания: 13 Июля 2018 г.
Дата редактирования: 13 Июля 2018 г.
www.egov.kz
Опрос