Список статей
«Жас турист-2019» туриадасының І кезеңі

Осы жылдың 1-2 қарашасында Көкшетау қ. №19 ОМ-де Ақмола облысының Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының біріншілігі («Жас турист-2019» туриадасының І кезеңі) өтті.

«Жас турист-2019» туриадасына қатысу үшін Ақмола облысының Ақкөл, Сандықтау, Зеренді, Бурабай аудандарынан және Көкшетау қаласынан 25 команда келді, жалпы қатысушылар саны 140 адамды құрады.

Командалар 3 қашықтық бойынша жарысты: «Жеке-командалық», «Топтамалар», «Командалық».

Екі күндік жарыстардың қорытындысы бойынша келесі нәтижелер қалыптасты:

«Юниорлар» тобында «5 высота» командасы (ОБЖТӨжЭО, жаттықтырушысы А.С. Шевченко) бірінші болды, екінші орынды «Шатун-2» (Зеренді ауданы, жаттықтырушысы В. Маршалко), ал үшінші орынды «Саяхат» командасы (№3 Сандықтау балалар үйі, жаттықтырушысы М.Кубрин).

«Жасөспірімдер» арасында «Синегорье Аулет» командасы (Көкшетау қ., жаттықтырушысы Ж.Н. Калашинов) үздік атанды, «Көкше Әулет» командасы (Көкшетау қ., жаттықтырушысы Ж.Н. Калашинов) екінші орынға, «№19 ОМ» командасы (Көкшетау қ., жаттықтырушысы Е.Букенов) үшінші орынға ие болды.

«Ересектер» тобында «5Высота» командасы(ОБЖТӨжЭО, жаттықтырушысы А.С. Шевченко) бірінші орынға, «Арыстан» командасы (Сандықтау ауданы, жаттықтырушысы А.Романюк) екінші орынға, «Шатун-2» командасы (Зеренді ауданы, жаттықтырушысы В. Маршалко) үшінші орынға шықты.

Жарыс жеңімпаздары мадақтамалар мен құнды сыйлықтармен марапатталды.

Автор: И. Калимжанова
Просмотров: 23
Дата создания: 6 Ноября 2018 г.
Дата редактирования: 6 Ноября 2018 г.
www.egov.kz
Опрос