Список статей
Ақкөл ауданында орналасқан Республикалық ғарышкер байланыс орталығы бойынша саяхат

2018 жылғы 12 сәуірде облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарының 10-11 сынып оқушыларының «инженерия, техникалық дисциплиналар» саласындағы олимпиада, ғылыми жобалар жарыстарының 15 жеңімпаздары үшін Ақкөл ауданында орналасқан «Республикалық ғарышкер байланысы орталығы» АҚ экскурсия ұйымдастырылды.

Берілген іс-шараның негізгі мақсаты – ерте кәсіптік бағдарлау, жоғары сынып оқушыларын техникалық мамандықтарға оқуға қызықтыру және балалар мен жастар арасында Қазақстан Республикасының ғарыш қызметін насихаттау болып табылады.

Ғарышкер байланыс орталығының директоры Свогузов Шокан Галиханович орталық қызметкерлерімен бірлесе экскурсия өткізді.

Ғарыш аппараттары мен мониторингілеу жүйесін басқарудың тұңғыш қазақстандық жергілікті кешені Қазақстан Республикасының астанасына жақын жерде, Ақкөл қаласының орман алабында 2005 жылдың желтоқсанында құрылды. Кешен ғарыш аппараттарын басқару үшін жаңа технологиялық жабдықтармен жабдықталған.

Оқушылар басқару міндеттерін үздіксіз орындау, бақылау және «KazSat» сериялы ғарыш аппараттарының берілген техникалық және баллистикалық сипаттамаларын қолдауға арналған берілген жергілікті кешенінің маңызы туралы ақпарат алды.

Күннің екінші жартысында Ақкөл қаласының балалар музыка мектебінде ғарыш байланыс орталығының қызметкерлері Қайрат Қуандықұлы Тельгаринмен, Максим Анатольевич Куцевпен сұхбат алаңы өткізілді. Сұхбат кезінде оқушылар қызықтыратын сұрақтарын қойды.

Осылай, «Ақкөл» ҒБО бару мектеп түлектерін Қазақстан Республикасының ғарыш саласымен және ғарыш байланысын дамыту тарихымен таныстырып қана қоймай, мамандық таңдауға да мүмкіндік туғызды. Өйткені, қазіргінің барлығы ақпараттық технологиялармен байланысты, жастарды зерттелмегеннің бәрі қызықтыратыны мәлім.

Автор: А. Магавина
Просмотров: 73
Дата создания: 13 Апреля 2018 г.
Дата редактирования: 13 Апреля 2018 г.
www.egov.kz
Опрос