Список статей
Математика және механика бойынша О. Жолдасбеков атындағы зерттеу жобаларының VIII Халықаралық конкурсының қорытындысы туралы ақпарат

2018 жылдың 1-3 наурыз аралығында Алматы қаласында Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика-математикалық факультетінде Ө.Жолдасбеков атындағы VIІІ халықаралық конкурсы өтті. Конкурс ғылыммен айналысатын талантты оқушылардың зияткерлік сайысы болып табылады. Қарастырылу құралы оқушылардың дербес ғылыми-зерттеу жұмыстары.

Конкурстың негізгі мақсаты – математика және механика саласына қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау. Іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан 203 оқушы ғылыми жобаларын ұсынды, сонымен қатар Тәжікістан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттерінің қатысушылары болды.

Ақмола облысының командасы республикалық және облыстық кезеңдерінің ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы бойынша 6 жеңімпазы мен жүлдегерінен құрастырылды.

Конкурс қорытындысы бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы, Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп – интернатының 11 сынып оқушысы Аубакирова Айлана экономика бағыты бойынша ІІ жүлделі орынға, Целиноград ауданы Қараоткель ауылының №6 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Рысдаулетов Ерлан механика бағыты бойынша ІІІ жүлделі орынға ие болды.

Сонымен қатар Ақмола облысы атынан барған қалған оқушылар Магжанова Айнагуль, Рамазан Аружан, Әбдірасыл Руслан, Төлеген Жанылсын Ө. Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механикадан зерттеу жұмыстары VIII халықаралаық конкурсының қатысушысы сертификатымен марапатталды.

Автор: А.Алдабергенова
Просмотров: 189
Дата создания: 5 Марта 2018 г.
Дата редактирования: 5 Марта 2018 г.
www.egov.kz
Опрос