Список статей
Көкшетау колледждерінің бірінде «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды

Көкшетау қаласының №1 сервистік-техникалық колледжінде «Рухани жаңғыру» тақырыптық кабинеті ашылды – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Рухани жаңғыру» кабинеті диалог кездесулерін, зияткерлік ойындарын, дебаттық турнирлерін, бабаларымыздың мәдениеті бойынша шығармашылық байқаулар, өлкемізді зерттеу және т.б. өткізу алаңына айналмақ.

Кабинетті ашу барысында «Жас Өркен» белсенділері колледж студенттерінің, «Шаңырақ» үйірмесі мүшелерінің қолымен жасалған қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері кәде-сый бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды. Тақырыптық кабинетте кітап көрмесі ұйымдастырылып, Көкшетау қаласы, Ақмола облысының тарихын зерттеу бойынша электрондық материалдар, рефераттар, Отанымыздың тарихы бойынша студенттердің зерттеу жобалары ұсынылды. Кабинеттің ерекше бояуы мен сипатын біздің өңіріміздің салттық географиясына арналған «Арқаның киелі қазынасы» экспозициясы ашты. Колледжге «Арқаның киелі қазынасы» экспозициясын Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ ұсынды. Оқу орны Орталықпен әрі қарай ынтымақтастығын жалғастыруды жоспарлауда, оның бағыттарының бірі - студенттердің археологиялық экспедицияларға қатысуы болады.

«Оқу орындарының өмірінде жаңарудың, жетілудің бастауы болатын атаулы оқиғалар болады. Кабинеттің тұсаукесері - осындай оқиғаға айналды. Іс-шараның барысында шақырылған қонақтардың, колледж ұстаздарының студенттермен еліміздің бүгіні мен болашағына ортақтасу сезімін қалыптастыру үшін рухани құндылықтардың маңызы, отбасы, туған жер тарихын зерттеу, білімге құмарту, өздерін жетілдіру мақсатында диалог өтті

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 321
Дата создания: 17 Января 2018 г.
Дата редактирования: 17 Января 2018 г.
www.egov.kz
Опрос