Список статей
Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні

Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні

Аутизмнен зардап шегетін балардың санының өсуіне алаңдаушылық білдірген БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 2007 жылғы 18 желтоқсандағы қарарымен белгіленген жыл сайын 2 сәуір күні Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні (World Autism Awareness Day) атап өтіледі.

Аутизм – бұл дамудың әрдайым бұзылуы, өмірінің алғашқы үш жылында көрінетін және неврологиялық бұзылыстардың салдарынан мидың жұмыс істеуіне әсер етуі. Аутизмге көбінесе жынысына, нәсілдік немесе әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан балалар шалдығады.

Бүгінде аутизм бұрынғыға қарағанда жиі кездеседі, сондықтан ерте диагностикалаудың тəсілдері туралы, араласу және көмек туралы ақпарат беру өте маңызды. Ол балаларға, ата-аналарға және тұтастай алғанда қоғамға тигізетін зардаптары мол. Бұл мәселеге назар аудару осы проблемаға соқтығысқан ата-аналар балалардың хабарсыздығын, адекватты еместігін және стигматизациялығын жеңу үшін зор маңызын тигізеді.

Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні қарсаңында Көкшетау қ. "Жаңа Әлем" дамуында ерекшеліктері бар балаладың бір топ ата-аналары Аутизм диагнозы бар баларды тәрбилеп отырған отбасылардың мәселелерін халыққа хабардар етуге бағытталған іс-шараларды өткізуге бастамашылық білдірді.

А.ж. 2 сәуірде облыстың білім беру ұйымдарында аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне арналған іс-шаралар өтеді.

Бүгін Көкшетау қаласында Ақмола облысы білім басқармасының “Көкшетау қаласы, ақыл-ой бұзушылықтары мен психикалық дамуы кеш балаларға арналған №1 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі аясында аутистикалық спектр бұзылысы бар балалардың отбасыларына арналған «Жаңа Әлем» ойын-сауықтық шоуы өткізіледі. Ұйымдастырушы Костицина Ирина Анатольевна барлық жиналған қауымға алғысын айтып, болашақта аутист балалары бар ата-аналар үшін «Жаңа әлем» («Новый мир») қоғамдық бірлестігі ресми түрде тіркелетінін айтып қуантты. Бұл жаңалықты жиналған жұрт қол шапалақтап қарсы алды.

Балаларға, ата-аналарға, шақырылған қонақтарға құттықтау сөзімен Ақмола облысының инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрағасы М.У.Ибраев, мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы А.Т.Сүлейменова сөз сөйледі.

Іс-шараға қонақтар қатысты: «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» КММ меңгерушісі Р.Р.Урстембаева, мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің бас маманы М.Ж.Темирбаева, Ақмола облысы «Қызыл Ай» қоғамдық бірлестіктің жетекшісі К.М.Елубаев, Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Д.К.Койшина, ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары В.В.Молодовский, денсаулық сақтау өкілдері.

Баспасөз тыс қалмай: ұйымдастырушылардан және қатысушы қонақтардан сұхбат алып, журналистер фоторепортаж жасады.

Мерекелік атмосфера жасау үшін «Твой день» студиясының аниматорлары мен «Думан» Ақмола облыстық педагогикалық жасағының балалары шақырылды, олар қатысушы балалардың көңілін көтеріп, ойнап, олармен би билеп, сабын көпіршіктерінің шоуын көрсетіп, соңында «Кеш» ұйымдастырылды. Қандай мереке сыйлықсыз болуы мүмкін? Әрине, балалар қызығушылықтары бойынша шағын естелік сыйлықтарын алды.

Соңында, әр бала оны бүгін оны түсініп, естігендігінің символы ретінде сыйлықтарын кеуделеріне басып, қуана үйлеріне қайтты.

Автор: Темирбаева. М
Просмотров: 197
Дата создания: 3 Апреля 2018 г.
Дата редактирования: 3 Апреля 2018 г.
www.egov.kz
Опрос