Список статей
Ақмола облысының білім басқармасында ТжКБ ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізілді

Бүгін, Көкшетау қаласында Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Талғат Жүнісовтің қатысуымен ТжКБ ұйымдарының басшыларымен кеңес өтті.

Кеңес барысында 2017-2021 жылдарға арналған колледждерді дамыту бағдарламасы, ТжКБ ұйымдары қызметінің ағымдағы жағдайы мен алдағы кезеңге міндеттері, қаржы жылының қорытындылары, 2017 жылы колледждермен мемлекеттік қызметтерді ұсынудың талдауы, сондай-ақ колледждердегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы мәселелер қарастырылды.

Іс-шараның спикерлері: білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов, ТжКБ бөлімінің басшысы Бекжан Садвакасов, жоспарлау және болжам жасау бөлімінің басшысы Жанар Назыкенова, заңгерлік бөлімінің басшысы Арман Жүсіпов, қамқоршылық, қорғаншылық және тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы Наталья Степанова.

Іс-шараның мақсаты Ақмола облысындағы мемлекеттік колледждердің болашақтағы даму перспективаларын айқындау болып табылады.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 98
Дата создания: 12 Января 2018 г.
Дата редактирования: 12 Января 2018 г.
www.egov.kz
Опрос