Список статей
Музей – өткеннен болашаққа жарық шашатын шам

Музейсіз өмір кедей болушы еді,

Музейсіз бүкіл тарих үнсіз….

Қазіргі заманның жағдайларында мектеп өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесінің және өлкетанушылық жұмысының орталығына айналды. Туған өлкенің тарихын білу оқушыларға зияткерлік жүктемені ғана бермейді, оған қоса рухани байытады, патриоттық сезімді, өзінің халқына деген мақтаныш сезімін дамытады. Рухани жаңғыру туралы айта отырып Н.Ә. Назарбаев: «Ешбір жаңғыру ұлттық мәдениетті сақтаусыз жүрмейді» - деген.

Әрине, осыған байланысты оқушылардың ой-өрістерін кеңейтетін, ұлттық мәдениетке, туған өлке тарихына, осы дүниеде өзінің маңыздылығына көз жеткізуге араластыратын мектеп музейлерінің жұмысы аса өзекті және нәтижелі.

2018 ж. 1-2 қарашасында Астанада «Үздік мектеп музейі» республикалық байқауы өтті. «Білім беру ұйымдарының үздік мұражайы» облыстық байқауының қорытындысы бойынша, біздің мектеп (Атбасар ауданының Шуйскі орта мектебі) «Мұражайлық буклет-презентация» номинациясында бірінші орын алып, біз осы байқауға қатысуға мүмкіндік алдық.

Байқау ережесінде 3 номинация анықталды: «Тарихи музейлер», «Кешенді өлкетанулық музейлер» және «Әдеби музейлер». Байқауға қатысу материалдарды тек номинацияға сай емес, оған қоса мектеп музейі жұмысын ұйымдастыру бойынша нормативтік талаптарға сай келуін ұйғарады: экспозицияның дұрыс безендірілуі, музейлік жинақтарды есептеуді және сақтауды ұйымдастыру, музей активінің жұмысы, мектеп музейінің жұмысына оқушылардың қатысуы.

Сондықтан біздің жұмысымыз музейіміздің тақырыбын ашуға сәйкес келетін «Тарихи музейлер» номинациясында қатысты. Бұл номинацияда бізден басқа он музей қатысты. Біздің мектеп бұндай байқауға алғаш рет қатысып отырғандықтан, байқаудан алған тәжірибеміз музей жұмысын одан әрі жетілдіруге, еліміздің басқа музейлерімен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Барлық қатысушылар өздерінің қызықты әзірлемелерін, мектеп музейі мақтана алатын ерекше жәдігерлерін көрсетті. Музейлер туралы жұмыстардың көбін зерттеуші-оқушылар таныстырды, бірақ мұғалімдер де таныстырған жобалар болды. Бұрынғыдай музей тақырыбының тарихи, мәдени, ғылыми және көркемдік маңызы әлі де бар. Басқа сөзбен айтқанда, мектеп музейі әр түрлі білім беру және шығармашылық бастамалар біріктірілген орталықтың рөлін атқарады. Байқауда дәл сондай музейлер таныстырылды: үйреншікті және өзгеше тыңдармандарға арналған бағдарламалары мен жобалары бар, мультимедиялық технологияларды және интерактивті тәжірибелерді қолданатын, білім беру ортасын музей арқылы өзгертуге бағытталған жобаларды құрастыратын музейлер. Таныстырылған үлгілер мен тәжірибелер әр алуандығы республикамыздың мектеп музейлерінің тиімділігіның еш күмәнсіз артуы туралы айтуға мүмкіндік береді.

Байқау қорытындысы бойынша ең үздік музейлер аталып, марапатталды, педагогтерге мадақтамалар, оқушыларға сертификаттар, мадақтамалар мен құнды сыйлықтар берілді. Дегенмен, музейлік заттардың мәнін құрушы, сақтаушы, экспозиция жасаушы ретінде мектеп музейінің жұмысы осымен аяқталған жоқ. Мұғалімдер мен оқушылар музей кеңістігінің білім беру ортасын құру бойынша жұмыстарын жалғастырады.

Байқау ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға ұмытылмас сый жасады, ол – әрқайсымыздың есінен кетпестей әсер еткен ҚР Ұлттық музейіне экскурсия.

Мектеп музейлерінің байқауы – мұғалімдер мен мектеп басшылығынан ғана емес, оқушылардан да құрылған ұжымның ұзақ және тиянақты жұмысының нәтижесін көрсетудің тамаша мүмкіндігі.

Балалар мен олардың жетекшілеріне тарихи өткенді зерттеу және сақтауда одан әрі жетістіктерге жетуге тілеймін.

Автор: Т. Садвокасова
Просмотров: 26
Дата создания: 7 Ноября 2018 г.
Дата редактирования: 7 Ноября 2018 г.
www.egov.kz
Опрос