Список статей
ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Ақмола облысы педагогтарымен кездесті

Депутаттардың өңірлерде халықпен көшпелі кездесулері шеңберінде Щучинск педагогикалық колледжі мен Щучинск қаласының жоғары колледжіне Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының басшысы, Қазақстан халықтар Ассамблеясының мүшесі Владимир Божко келді. Педагогтармен кездесу өткізіп және ҮЕҰ және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жоғары колледж мекемесінің ұжымымен кездесуін ашып жатып, Мәжіліс Төрағасының орынбасары жылдың алғашқы апталарында депутаттар істердің жағдайын жақсартуға бағытталған, елімізде болып жатқан реформалардың мәні туралы ақпараттандыру, азаматтардың өзекті мәселелерімен, олардың ескертулері және ұсыныстарымен танысу мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде болатындығын атап өтті. Өткізілген кездесулер алдағы уақытта заң шығарушылық жұмыстың өзектілілігінің кепілі болады.

Сондай-ақ, депутат қазіргі уақытта Парламент өз қызметінің ашықтығына ұмтылуда және депутаттардың жұмысы жөніндегі толық ақпаратты интернет желісіндегі ресми ресурстар қатарынан алуға болатынына назар аударды. Мысалға, zakon.kz порталынан кез келген тілек білдіруші парламент тыңдауларының тіккелей көрсетілімін көре алады, қабылданып және талқыланып жатқан заң жобаларымен таныса алады, басқа да өзекті мәселе жайлы ақпарат ала алады.

Сөзін жалғастыра келе, Владимир Божко мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы, заң шығарушы қызметі, инновациялық индустриализациялау туралы айтты.

Мәжіліс Төрағасының орынбасары сыртқы саясаттағы еліміздің маңызды жетістіктерін атап өтті, оның қатарында Қазақстанның БҰҰ қауіпсіздік кеңесіндегі төрағалығы, ШЫҰ саммиті, Қысқы универсиада және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі халықаралық аренада республикамыздың беделінің танылуына үлесін тигізді.

Сондай-ақ, мәжілісмен депутаттардың заңнамалық жұмысына толық тоқталды, оның өткен жылдағы қорытындыларын жасады.

Сонымен қатар, ҚР әкімшілік құқықбұзушылықтар жайлы Кодексіне түзетулермен жұмыс жүргізу барысында депутаттар Президенттің тапсырмасын басшылыққа ала отырып оның негізінде профилактикалық әлеуетін барынша қолданады. Кодекстің көпшілік баптары бойынша орташа 30%-ға әкімшілік жауапкершіліктердің көлемі төмендетілді. Ал кейбір кішігірім бұзушылықтар бойынша айыппұлдар сот ескертулерімен ауыстырылды. Мақұлданған заң жобаларының қатарында Мәжіліс Төрағасының орынбасары Салық кодексін, «Кедендік реттеу туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстерін және т.б. атап өтті.

Депутат жиналғандардың назарын өткен жылы қабылданған, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы (БАҚ) телерадио хабарларын тарату, ақпараттандыру және байланыс, ақпараттық қауіпсіздік қоғамдық қатынастарын құқықтық реттеуді қарастыратын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына ерекше көңіл бөлді.

В.Божко берілген заңның бір нормасы интернеттегі анонимдік шолуға тыйым салуға қатысты екенін айтты. Нормаға сай, кез-келген жаңалықтарға шолу жасау электрондық-сандық қол қою (ЭСҚ) немесе СМС-хабарландыру арқылы авторизациялаудан кейін қазақстандықтар жүйедегі кез-келген жаңалықтарды, мақалаларды, және басқа да материалдарға шолу жасай алады.

Сондай-ақ, депутат кездесу қатысушыларын «Рухани жаңғыру» «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысымен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

Сонымен қатар, Жоғары колледждің барлық қызметкерлері атынан директор Ш.Оразалин мемлекеттік сатып алу рәсімін жетілдіруге қатысты ұсыныстар ұсынды. Шоқан Жетпісбайұлы тапсырыс берушілер мен жеткізушілердің жұмысын қиындататын заңның нақты нюанстарын атады, ұжымда олардың талдауы жасалғандығы,нақты ұсыныстар әзірленгендігі айтылды, олар депутаттарға анықталған ресми тәртіпте жеткізілетін болады. Берілген мәселе бойынша В.Божко депутаттар әрқашанда әріптестікке дайын, ұйымдар мен кәсіпорындарда әзірленген келіп түсетін ұсыныстарды есепке ала отырып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері мен оны реттейтін заң одан әрі жасалатындығын түсінедірді.

Парламент Мәжілісі депутатының Бурабай ауданына сапары Щучинск педагогикалық колледжіне барумен, онда В.Божко мекеменің оқу және өндірістік кабинеттерін қарап, педагогтармен, ауданның этномәдени бірлестіктері, ҮЕҰ, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ өкілдерімен кездесу өткізумен аяқталды.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 180
Дата создания: 11 Января 2018 г.
Дата редактирования: 11 Января 2018 г.
www.egov.kz
Опрос