Список статей
8 наурыз көктем мерекесімен!

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Щучинск қаласы, педагогикалық колледжі базасында кәсіби қызметінде жоғары жетістіктерге жеткен облыстың білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерін марапаттау мақсатында салтанатты іс-шара өтті.

Осы іс-шараға облыстың 200 астам педагогтері қатысты.

Жиналған қауымды білім басқармасы басшысының орынбасары В.Г. Гамазов, облыстық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Б.К. Абдрахманов құттықтады.

Халықаралық әйелдер күніне орай үздік мұғалімдер білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Білім қызметкерлерінің кәсіподағы "Discovery Borovoe" сауықтыру орталығына жолдама сыйланды.

Автор: К. Есенбекова
Просмотров: 303
Дата создания: 6 Марта 2018 г.
Дата редактирования: 6 Марта 2018 г.
www.egov.kz
Опрос