Список статей
Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанын (ҰАН) өткізу қорытындысы туралы

2018 жылғы 1 маусымда Ақмола облысының білім беру ұйымдарында жыл сайынғы «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны басталды.

Білім беру ұйымдарының мәліметтері бойынша, оқушылар өз ойларын айтып, пікірлерін білдірген «Біз балалар еңбегін қанауға қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстелдер, кітап көрмелері, акциялар, сурет сайыстары ақпараттық-ойынсауық іс-шаралары өткізілді.

Мектептерде «Біз балалар еңбегін қанауға қарсымыз» стендтері рәсімделіп, білім басқармасының сенім телефоны, отбасын қолдау қызметі туралы ақпарат жарияланды.

503 мектептегі лагерьлерде және балалар алаңдарында, балалар сауықтыру орталықтарында балалар арасындағы достық пен қарым-қатынастың маңыздылығы туралы әңгімелер жүргізілді. Түрлі ойындар ойнап, «Қалай кешірім сұраймыз және қалай кешіруге болады» деген тақырыпта өмірлік жағдайлар сахналанды.

1-4 сынып оқушылары арасында «Балалық шаққа шекара жоқ», «Зорлық-зомбылықсыз әлем», «Мен өмір сүретін әлем» атты асфальтқа сурет салу байқауы өткізілді, балалар өз суреттерінде: «Бақытты балалық - Иә! Иә! ИӘ! », « Балалар еңбегі - Жоқ! Жоқ! ЖОҚ!».

Тәлімгерлер «Оқушы баланың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау» ақпараттық сағаты өткізілді.

Ата-аналар үшін «Құқықты білу керек» құқықтық Жалпы оқуы өткізілді.

Балалардың құқықтары мен мүдделерін реттейтін нормативтік құжаттардың тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

7-8 сынып оқушылары «Адам саудасының құрбанына айналмау» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты. Балалар бейтаныс адамдармен сөйлескенде сақ болу керектігін, сендіруге тырысқанда көнбеу керектігін атап өтті.

Колледждер «Сіз өзіңіздің құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді біліңіз» тақырыбында тренингтер, «Сіздің біліміңіз - бұл сіздің қауіпсіздігіңіз» диспуттары өткізілді. Жиналыс қатысушылары білім мен дағдылар балаларға қиын жағдайлардан шығып, болашақта олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетінін растады.

Сонымен қатар, студенттерге «Шанс» кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-психологиялық құқықтық көмек көрсету орталығының мамандары «Балалар еңбегін қанауды болдырмау» тақырыбында алдын алу сабақтар өткізді және бірлікке бағытталған достық тренингімен аяқталды.

Барлық іс-шаралар ақпараттық қамтумен қатар жүрді.

Осылайша, барлық іс-шаралар халықты балалар еңбегінің проблемалары туралы хабардар етуге, балалар еңбегін пайдалану мәселесіне қоғамның назарын аударуға және оларды шешудің жолдарын, балалар еңбегінің ең нашар түрлерімен әріптестік пен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Акция аясында облыста балалар еңбегін пайдалану фактілері анықталмады.

Автор: А. Оспанова
Просмотров: 83
Дата создания: 14 Июня 2018 г.
Дата редактирования: 14 Июня 2018 г.
www.egov.kz
Опрос