Список статей
«Білім беруді дамытудың заманауи жағдайындағы Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметінің рөлі мен болашағы» республикалық конференциятуралы ақпарат

2018 жылғы 26-27 сәуірде Ақмола облысы делегациясы құрамында психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің 4 меңгерушілерімен Шымкент қ. «Білім беруді дамытудың заманауи жағдайындағы ПМПК қызметінің рөлі мен болашағы» республикалық конференциясына қатысты.

Конференцияның модераторы ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаменті және инклюзивті білім беру басқрмасының басшысы Ә.М.Кудеринова сөз сөйледі.Іс-шараға ҚР білім және ғылым Министрлігінің, Түзету педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы (ТПҰҒПО), Республикалық ПМПК өкілдері, ПМПК 69 меңгерушілері қатысты.

Конференция жұмысы барысында қатысушылар жаңартылған білім беру жағдайындағы ПМПК рөлін, ПМПК нормативтік-құқықтық қызметіне қатысты сұрақтарды, мемлекеттік қызметтер көрсету, статистикалық есеп беру нысандарын талқылады.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылармен одан әрі жұмыста пайдалану үшінұсынымдар қабылданды.

Автор: М.Темирбаева
Просмотров: 162
Дата создания: 28 Апреля 2018 г.
Дата редактирования: 28 Апреля 2018 г.
www.egov.kz
Опрос