Список статей
Ағаш отырғызып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосудамыз!

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын жүзеге асыру мақсатында ауданымызда күзгі ағаш отырғызу науқаны басталды. Акция басталғаннан бері 1350-ке жуық қарағай және сүмбіл теректің көшеттері отырғызылды. Акцияға қатысып жүрген бұландылықтар, ал олар дегеніміз мемлекеттік,бюджеттік мекемелердің қызметкерлері, мектеп оқушылары және жастар ұйымдарының өкілдері,әрбір жас көшетті туған өлкесіне арнап, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын толық қолдайтынын икөрсетуде.

Күзгі ағаш отырғызуға арналған көшеттер Отрадный орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесімен және «Журавлевка-1» ЖШС-мен берілді.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 590
Дата создания: 27 Октября 2017 г.
Дата редактирования: 27 Октября 2017 г.
www.egov.kz
Опрос