Список статей
«Екі жұлдыз» конкурсы

2016 жылғы 22 сәуір Білім басқармасымен Ақмола облысы білім қызметкерлерінің кәсіподағымен бірлесіп, Көкшетау қаласы № 1 құрылыс-техникалық колледжінің базасында Ақмола облысы білім қызметкерлері балаларының арасында жас дарындыларды анықтау және білім берудің шығармашылық қызметкерлерін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Екі жұлдыз» облыстық конкурсын өткізді.

Конкурсқа ересек орындаушы, білім беру қызметкері және жас орындаушы, білім беру қызметкерінің 6-10 жас аралығындағы баласынан тұратын 20 вокалды дуэт қатысты.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ермолаева Светлана Александровна және облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Абдрахманов Бейсенбай Қадырұлы сөз сөйледі.

Аршалы, Астрахан, Бұланды, Егіндікөл, Еңбекшілдер, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Сандыктау, Ерейментау, Шортанды, «Жұлдыз» шипажай үлгісіндегі облыстық мектеп-интернаты, Есіл қаласы, №7 АКТ, Атбасар қаласы, № 11 АТК, Бозайғыр ауылы, № 5 АТК, Ереументау қаласы, №8 АТК, Көкшетау қаласы облыстық оқу-әдістемелік орталығы, 16 вокалды дуэттері номинация иегерлері болды.

Бурабай ауданының Г.В.Прямосудова және Е.А.Прямосудова дуэтіне бірауыздан Гран-при берілді.

І орынды – Есіл ауданының дуэті Н.В.Строгова және Ж.Э.Рамазанова. ІІ орын К.Ганибал және А.А.Погорелая – Көкшетау қаласы. ІІІ орын – Целиноград ауданынан А.К.Айтбаева және Д.Т.Қасымжанова.

«Екі жұлдыз» конкурсының барлық жүлдегерлері мен номинанттарына бағалы сыйлықтар, Гран-При иегерлеріне шаңсорғыш және планшет табыс етілді.

Конкурс қатысушылары дәстүрге айналған тамаша шараны өткізуге сүйіспеншілік және үлкен жауапкершілікпен дайындап, өткізген ұйымдастырушыларға шексіз алғыстарын білдірді.

Автор: administrator
Просмотров: 735
Дата создания: 25 Апреля 2016 г.
Дата редактирования: 25 Апреля 2016 г.
www.egov.kz
Опрос