Список статей
Петропавл қаласында арнайы түзету мекемелерінің педагогтары үшін аймақаралық оқыту семинары өтті

2018 жылғы 22-23 қаңтарда «Центр САТР» ЖШС, Samruk- Kazyna Trust қорының бағдарламасы бойынша үш жақты қорытынды келісімдерін орындау шеңберінде Петропавл қаласында «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнай түзету мектеп-интернаты» КММ базасында Солтүстік-Қазақстан, Қостанай, Ақмола облысының арнайы түзету мекемелерінің педагогтары үшін «Білім беру процесінде дамыту құрылғыларын пайдалану» тақырыбында аймақаралық оқыту семинары өтті.

Семинарды «Центр САТР» ЖШС әдіскері Ильмұратова Гүлнар Азатқызы өткізді. Семинар шеңберінде төмендегі құрылғылар бойынша жұмыс қамтылды:

1. Сенсорлы бөлме үшін жабдықтаулар

2. Жұмсақ бөлме үшін жабдықтаулар

3. Дидактикалық дамытушылық материалдар

4. «Дельфа» логопедтік жаттығу құрылғысы

5. «EduQuest» мультимедиялық білім беру кешені

6. «Нумикон» жүйелік дидактикалық материалы

Семинар өте жақсы тәжірибелік бағытта өтті. Соңында семинардың барлық қатысушыларына сертификат ұсынылды.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 291
Дата создания: 25 Января 2018 г.
Дата редактирования: 25 Января 2018 г.
www.egov.kz
Опрос