Список статей
Ақмола облысының білім беру ұйымдарында жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша «Абайлаңыз, жаяу жүргінші!» тақырыбында науқанның өткізілуі туралы ақпарат

Облыстың білім  беру ұйымдарында 2016 жылғы 2 қыркүйектен бастап 10 қыркүйекке дейінгі аралығындағы кезеңде жол-көлік жарақатының алдын алу және жол-көлік оқиғаларының  алдын-алу жұмысын жандандыру мақсатында    «Абайлаңыз,  жаяу жүргінші!»  тақырыбында науқан өткізілді.

Әрбір мектепте 1-11 сыныптарға жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша  мектепішілік нұсқаулық жасалды және өткізілді, онда оқушылардың жолдың көлік жүретін бөлігінде және қоғамдық көліктерде өздерін қалай  ұстауына байланысты негізгі ережелер көрсетілді. Оқушылар үшін жолдағы қауіпсіздікке арналған  сынып сағаттары өткізілді. Олардың негізгі

мақсаттары жолдағы қозғалыс кезінде өзінің және айналасындағылардың  қауіпсіздігі үшін  жаяу жүргіншілердің жолда жүру тәртібі ережесін сақтауының өте маңызды екендігін дәлелдеу болды.

«Абайлаңыз жол», «Жас жүргінші», «Әр белгіні құрметтеңдер», «Жаяу жүргіншілердің жолда  жүру тәртібінің ережесі» тақырыптары бойынша дөңгелек үстелдер өткізілді. Сынып сағаттарында оқушылармен әңгімелер өткізіліп, балалар жарақатына әкеліп соғатын жолдардағы жағдаяттар талданды.

Бастауыш сыныптарды қызықты экскурсиялар, «Жол белгілерімен танысу» тақырыбында ойын түріндегі жарыстар, «Абайлаңыз балалар»  тақырыбындағы балалар суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды, онда балалар  жаяу жүргіншілердің жолдарда абайлауы және  жүргізушілердің  сақ болуының маңыздылығын көрсетуге  тырысты.

Жол белгілерін есте сақтауға байқаулар, жұмбақтар мен ребустар жәрдемдесті. 

Жол-көлік оқиғалары орындарынан бейнефильмдер көрсетіліп, ЖКО тап болған балалар өмірінен жағдаяттар қаралды.   

Мектептердегі медицина қызметкерлерімен  «Қауіпсіздік минуты!» тақырыбында алғашқы дәрігерлік көмек көрсету бойынша семинар-тренингтар  өткізілді.

ЖЖҚИ жасақтарымен оқушыларға және  олардың ата-аналарына жол қозғалысы ережелері бойынша жаднамалар таратылды.  

Өткізілген  іс-шаралардың бәрі  оқыту, тәрбие беру мәнде болды және науқан жоспарына сай келді.

Науқан 5640 адамды қамтыды.

Автор: М.Большина
Просмотров: 707
Дата создания: 16 Сентября 2016 г.
Дата редактирования: 16 Сентября 2016 г.
www.egov.kz
Опрос