Список статей
«World Skills Kazakhstan» -2017 алғаш рет наубайшылар жарысуда

2017 жылғы 27 ақпан күні Атбасар қ. № 11 Агротехникалық колледжінде «Наубайшы шеберлігі» құзыреті бойынша аймақтық WSK чемпионаты өткізілді. Аталмыш құзырет бойынша жарыс алғаш рет өткізіліп отыр. Жарысқа 7 колледж өкілдері қатысты. Сарапшылар – әлеуметтік серіктестер, Ережеде айқындалған операциялар бойынша бағалады: қамыр илеу, майқоспа тоқаш пісіру, нан, круассандар пісіру және дайын өнім беру және қорғау. Жұмыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтады. 1 –орынды Астраханка с. № 6 агротехникалық колледжінің студенті Горбунова Анна Александровна, 2 орынды - Красный Яр с. № 3 агротехникалық колледжінің студенті Рудницкий Данил Вячеславович , 3 орынды – Атбасар қ. № 11 агротехникалық колледжінің студенті Стихина Кристина Александровна иеленді. Жеңімпаздарға WSK Кубоктары, білім басқармасының 1,2,3- дәрежелі дипломдары тапсырылды. Қалған қатысушылар аймақтық чемпионатқа қатысқандары үшін білім басқармасының Грамоталарын иеленді. Жеңімпаз, 1-ші орын иегері Горбунова Анна Астана қ. өтетін Ұлттық чемпионатта құрама команда құрамында Ақмола облысын ұсынатын болады.

Автор: С.Сералина
Просмотров: 679
Дата создания: 28 Февраля 2017 г.
Дата редактирования: 28 Февраля 2017 г.
www.egov.kz
Опрос