Список статей
Ақмола облысы әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияның

2018 жылғы 28 наурызда Ақмола облысы әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияның төрайымы Айна Ермекқызы Мысырәлімованың, білім басқармасының басшысы Т.Т.Жүнісовтің, ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Р.С.Мұсаевтың төрағалығымен өтті, онда келесі мәселелер қарастырылды:

1.«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу бойынша қабылданған шаралар туралы»;

2. «Кәмелетке толмағандардың істері және құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық (қалалық) комиссиялардың жұмысы, сәтсіз отбасын ерте анықтау және қабылданған шаралардың тиімділігі туралы».

Сүлейменова Әсемгүл Төлеханқызы - білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің басшысы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы – Исахметова Әсемгүл Досболқызы өз баяндамаларында Ақмола облысының балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралардың тізімін анықтады.

Бурабай ауданы білім бөлімінің басшысы – Төлегенов Жангелді

Мейрамұлы, Астрахан ауданы білім бөлімінің басшысы – Асқаров Алмас Асқарұлы өз сөздерінде сәтсіз отбасыларын ерте анықтау бойынша білім ұйымдарының өткізіп жатқан позицияларын айқындады.

Отырыстың шешуші сәттерінің бірі бұл мектептер мен колледждерді Қазақстан Республикасының бала құқықтары бойынша өкілеттінің бірыңғай республикалық 111 Сall-центрінің жұмыс істейтіндігі жайлы ақпараттандыру қажеттілігі.

Автор: А. Оспанова
Просмотров: 256
Дата создания: 29 Марта 2018 г.
Дата редактирования: 29 Марта 2018 г.
www.egov.kz
Опрос