Список статей
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында біліктілікті арттыру курстарын өткізу туралы БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-мен және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлесе отырып, 2016 жылғы 30 мамырдан бастап Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында еліміздің педагогтардың біліктілігін арттыру курсын бастайтыны туралы хабарлайды.

Осы мақсатта ҚР БҒМ 15.01.2016 ж. №32 бұйрығымен бекітіліп, оқу бағдарламалары дайындалды.

Мұғалімдерге арналған бағдарламалар педагогтердің тиісті жоғары кәсіби білім, педагогикалық жұмыс тәжірибесін алуы үшін арнайы дайындалған.

Курстарды сертификатталған тренерлер жүргізеді.

Оқудың бұл кезеңі бастауыш сыныптардың, қазақ, орыс тілдерінің (екінші тіл ретінде), ағылшын тілі, өнер мен технология, музыка және дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған. 2016 жылы барлығы 54 036 педагогті оқыту жоспарлануда, оның ішінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы базасында – 14 874 мұғалім, ал «Өрлеу» БАҰО» АҚ базасында – 39 162 мұғалім оқытылады.

2016 жылдың 30 мамырында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы базасында Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курстар басталды.

Мамыр-тамыз аралығында Ақмола облысының 854 мұғалімі оқытылады. Оның ішінде

- қазақ тілде оқытатын мектептердің бастауыш сыныптары – 207,

- орыс тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» – 174

- «Ағылшын тілі» - 115

- «Бейнелеу өнері» -295

- «Дене тәрбиесі» -63.

Күзде мектеп директорлары мен директорлар орынбасарларын, білім беру бөлімдерінің әдіскерлерін, өңірлік үйлестірушілерін бағалау бойынша және критериалды бағалауды енгізу бойынша мектеп тренерлерін оқыту жоспарланып отыр.

Курс аясында педагогтар оқыту мен оқудың әлемдегі өзекті әдістемелерімен, критериалдық бағалау жүйесімен танысады.

Орта білім мазмұнын жаңарту бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының мазмұны мына мәселелерді қамтиды:

 пәнаралық ықпалдастық;

 оқытудан күтілетін нәтижелер;

 үздіксіз оқу;

 қызметтік тәсіл;

 минимакс ұстанымы;

 саралап оқыту;

 оқу жетістіктерін бағалау жүйесі;

 үштілдік оқыту;

 шығармашылықты дамыту;

 психологиялық жайлылық.

Әрбір тыңдаушыға Педагогикалық шеберлік орталығының www.cpm.kz. білім беру порталына қолжетімді онлайн-материалдары бар оқу-әдістемелік кешен беріледі.

Курс аяқталған соң мұғалімдер курстардың өткізілетін орындары бойынша республика өңірлерінде онлайн режімінде тестілеуден өтеді. Тестілеу тапсырмалары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірленеді. Тестілеу нәтижелерін өңдеу және тапсыру автоматты түрде өткізіледі.

Автор: Рахимжанова Б.
Просмотров: 1173
Дата создания: 6 Июня 2016 г.
Дата редактирования: 6 Июня 2016 г.
www.egov.kz
Опрос