Список статей
Жалпы орта білім беретін ұйымдарда ата-аналар қоғамының облыстық қоғамдық тыңдауын өткізу туралы ақпарат

2016 жылғы 28 наурыз күні Ақмола облысының білімбасқармасы мен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бірлесіп ұйымдастырылуымен Ақмола облысы ата-аналар қоғамының облыстық қоғамдық тыңдауы өткізілді.

Тыңдауды өткізудің мақсаты - өскелең ұрпақтың азаматтылығын және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруда ата-аналардың рөлін белсендіру. Ақмола облысының өңірлеріне

арналған қоғамдық тыңдау онлайн тәртібінде өткізілді.

Тыңдауға  ата-аналар қоғамының өкілдері, ата-аналар, аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшылары, білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлер, сынып жетекшілер, валеология мұғалімдері қатысты.

Тыңдауда үш тоқсан бойынша  тәрбие жұмысы бойынша қорытындылар ұсынылды.

Қоғамдық тыңдаудың тақырыбы - тәрбиелеудегі тұжырымдамалық негіздердің басты бағыттарының бірі – дұрыс тәрбиелеу, салауатты өмір салты.

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыратын  орталықтың ДНЖЖМ бағдарламасының үйлестірушісі (денсаулықты ныңайтуға жағдай жасайтын мектептер)

Маргарита Рыбина салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі мен созылмалы  және жұқпалы аурулардың алдын-алу бойынша білім беру ұйымдарының бірлескен жұмыстары туралы толық айтып өтті.

Білім басқармасының тәрбие бөлімінің бас маманы Кира Цуневская «оқушылардың тамақтануы» баяндамасында оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру  мәселелері

туралы айтып өтті.

Облыстық дене шынықтыру, спорт және алғашқы әскери дайындық облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Алия Сагнаева облыстардағы жалпы білім беретін мектептерде спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы айтып өтті.

Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Автор: А.Игибаева
Просмотров: 857
Дата создания: 30 Марта 2016 г.
Дата редактирования: 30 Марта 2016 г.
www.egov.kz
Опрос