Список статей
Жасөспірімдер мен жастарды деструктивті психологиялық тәуелділікке тарту деңгейін зерттеудің өткізілуі туралы мәлімет

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша әлеуметтік маңызды жобаны іске асыру аясында Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы 2017 жылғы 6 қазан күні «Психологиялық мәдениетті дамыту және қолдау» қоғамдық қоры «Жасөспірімдер мен жастарды деструктивті психологиялық тәуелділікке тартуды алдын алу (компьютерлік құмарлық, игромания, тоталитарлық секталар мен экстремистік ұйымдарға аутодеструктті мінез-құлық, оның ішінде суицидалды)» жасөспірімдер мен жастарды деструктивті психологиялық тәуелділікке тарту деңгейін зерттеуді аяқтады.

Респонденттерді қамту - 400 адам. Мақсатты топ – жалпы білім беретін мектептердің 8-10 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері.

Зерттеу базасының географиясы: Атбасар ауданы, Целиноград ауданы «Ақмол ауылы № 5 орта мектеп» ММ, Көкшетау қаласы «№1 Индустриалды-техникалық колледжі КММ», Көкшетау қаласы, «№ 1 Құрылыс техникалық колледжі» ММ, Зеренді селосы «Зеренді №1 орта мектебі» КММ, Щучинск қаласы «Туризм және сервис индустриясы колледжі» КММ, Көкшетау қаласы, «№ 4 орта мектебі» КММ.

Диагностикалық құрал-саймандар Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-нің педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасымен келісілді. Зерттеу анонимді сипатқа ие.

Тілек білдірушілер жеке нәтижелерді алу үшін өз координаттарын қалдырды. Одан әрі балалармен тәуелді мінез-құлықты алдын алу бойынша семинарлар мен тренингтер өткізілетін болады. Зерттеу нәтижелері бойынша жалпы деректер осы тақырып бойынша кәсіби жоспарларды түзету мақсатында жалпы білім беретін мектептердің және колледждердің педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтарына арналған практикалық семинарларда жарияланатын болады.

Автор: Ш. Кажигалиева
Просмотров: 353
Дата создания: 10 Октября 2017 г.
Дата редактирования: 10 Октября 2017 г.
www.egov.kz
Опрос