Список статей
Тренинг

2017 жылы 13 ақпан айында Бурабай ауданы №2 ОМ-де 9-11 сынып оқушылары мен ата-аналары, әлеуметтік қызметкерлер, педагог- психологтар, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау, қолайсыз отбасылар және олардың балаларын анықтау және сүйемелдеу бойынша мәселелерімен айналысатын мамандарға арналған оқыту тренингі өткізілді.

Оқыту тренингіне Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, аудандық білім бөлімінің бас мамандары, аудандық прокуратурасының өкілі, педагог-психологтар, білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтары және «Арман» психологиялық орталығының педагог-психологы қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1. «Ерте жүктіліктің алдын алу туралы» «Арман» психологиялық орталығының педагог-психологы - Анисимова Галина Аркадьевна.

2. «Балаларды бірігіп қорғаймыз!» Жол картасы бойынша жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша іс-шаралардың өткізілуі туралы ақпарат. Мусралина Гульмира Канапияқызы - Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері.

3. «Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлықтарын алдын-алу». Боргуль Екатерина Владимировна – Щучинск қ., №1 мектебінің педагог-психологы.

4. Әр түрлі.

Іс –шараның қорытындысы бойынша жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы құқық бұзушылықтардың алдын-алу жөнінде тиімді механизмдерін жасаудың ұсыныстары қабылданды. (ұсыныстар және хаттама қоса беріліп отыр).

Автор: Г. Мусралина
Просмотров: 680
Дата создания: 14 Февраля 2017 г.
Дата редактирования: 14 Февраля 2017 г.
www.egov.kz
Опрос