Список статей
Кәмелетке толмағандар арасында есірткіқұмарлықты алдын алу бойынша интерактивтік сабақтар (оқу жылы бойы)

Ақмола облысының білім басқармасы және Ақмола облысының ішкі істер департаментімен бірлесе салауатты өмір салтын жүргізу принциптерін қалыптастыру, шылым қоспалары мен синтетикалық есірткілерді қолданудың зарарлы әсерлері туралы хабарландыру, сонымен қатар жасөспiрiмдер мен жастарды есiрткiге тәуелдiлiкке тартуды болдырмау мақсатында 2017 жылғы 24 қаңтарда Красный яр селосы №3 орта мектеп базасында онлайн тәртібінде Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бұландын, Бурабай аудандарының 91 мектебін қамтылумен 9-11 сынып оқушыларына арналған «Нашақордың тәубеге келуі. Таңдау әрқашан да бар. (Исповедь наркомана. Выбор есть всегда)» тақырыбында интерактивтік сабақ өткізді. Аталмыш сабақтың мақсаты: зиянды әдеттерге тартатын әлеуметке қарсы тұруды дағдыландыру. Қатысушылардың саны 3009 оқушыны құрады.

Қауіпті топқа жататын аудиторияны барынша қамтитын нысаналы жұмысты ұйымдастыру мақсатында 2016-2017 оқу жылына арналған аналогиялық акцияны өткізу бойынша есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасымен бірлесе кесте әзірленді және бекітілді.

Аталған іс-шара мектеп және колледж оқушыларына айсайын өткізілетін болады.

Автор: А. Игибаева
Просмотров: 980
Дата создания: 27 Января 2017 г.
Дата редактирования: 27 Января 2017 г.
www.egov.kz
Опрос