Список статей
Көкшетауда 160-қа жуық оқушы облыстық пәндік олимпиаданың жүлдегерлері болды

Көкшетауда 160-тан астам оқушы жеңімпаз атанған олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. 31 жеңімпаз, 35 оқушы ІІ дәрежелі дипломмен, 95 – ІІІ дәрежелі дипломмен және 29 оқушы грамоталармен марапатталды – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Олимпиадаға 17 ауданнан, Көкшетау, Степногорск қалалары, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған төрт мектептің 378 оқушысы қатысты.

Олимпиада жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізіледі: қазақ тілі мен әдебиеті қазақ мектебінде, қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде, орыс тілі мен әдебиеті қазақ мектебінде, орыс тілі мен әдебиеті орыс мектебінде, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, математика, информатика, физика, химия, биология, география.

Облыстың дарынды балаларын Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Талғат Жүнісов құттықтады.

«Олимпиада талдауы қала мен аудан мектеп оқушыларының белсенділігі жөнінде шешім шығаруға мүмкіндік береді. Қазылар мүшелері география, химия, биология, математика бойынша өткен жылдармен салыстырғанда тапсырмалардың күрделілік деңгейінің артқандығын атап өтті. Олимпиаданың қатысушылары теориялық білімнің жоғары деңгейін: қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, құқық негіздері, химия, география пәндерінен көрсетті. 11 сынып оқушыларының ағылшын тілі пәні бойынша білім сапасы бойынша динамикасы байқалады, берілген пән бойынша жүйелі және дәйектілігіне көңіл бөлінеді. Көкшетау қ. «Білім-инновация» лицей-интернатының командасы нәтижелі қатысты, 58 қатысушының 46 жүлдегер. Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданының оқушылары 24-інен 12-сі жеңімпаз. Есіл, Атбасар, Зеренді, Бұланды аудандарының командалары айтарлықтай табысты өнер көрсетті. Біздің жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша Ақтау қ. және гуманитарлық пәндер бойынша Қостанай қаласында наурыз айында өтетін олимпиаданың Республикалық кезеңі күтіп тұр» - деді Талғат Тұрлыбекұлы.

Оқу жылының барысында төрт кезеңді құрайтын олимпиаданы білім басқармасының тиісті органдары орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларына сәйкес, әр пән және сынып бойынша өткізеді:

Олимпиада оқу жылының барысында орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша төрт кезеңмен, әр пән бойынша өткізілетінін айта кеткен жөн: бірінші кезең - білім беру ұйымдарында, екінші кезең – аудандық (қалалық), үшінші кезең – облыстық, төртінші кезең – республикалық. Олимпиаданың екінші, үшінші және төртінші кезеңдерінің тапсырмаларын республикалық әдістемелік кеңес жалпы орта білім беру бағдарламаларына сәйкес дайындайды және оны Республикалық ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы бекітеді.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 429
Дата создания: 7 Января 2018 г.
Дата редактирования: 8 Января 2018 г.
www.egov.kz
Опрос