Список статей
Оқушылардың республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытындысы туралы ақпарат

Ғылым мен білімді біріктіру, ұрпақты жалғастыру, еліміздің болашақ ғылыми әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығы жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауын өткізеді.

Республикалық ғылыми жобалар байқауы – бұл «Қазақстан – 2050» стратегиясы тұрғысынан республиканы экономикалық және әлеуметтік – мәдени дамыту үлгісі» тақырыбында өтетін оқушылардың ғылыми зерттеу байқауы.

Байқау төрт бағытта өтті: «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық дамудың негізгі түйіні», «Экономикалық және әлеуметтік үрдістердің математикалық модельдеу», «Дені сау табиғи орта – «Қазақстан–2050» стратегиясын жүзеге асыру негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен келешектегі туристік бағыттар».

Шамамен жас зерттеушілердің алты ғылыми жобасы байқаудың соңғы кезеңіне қатысты. Оның қорытындысы бойынша еліміздің құрама командасы осы жылы 8-13 мамыр Феникс қаласында (Аризона, АҚШ) өтетін Intel ISEF-2016 оқушылардың халықаралық ғылыми жобалар байқауына өз жүмыстарын ұсынады.

Байқаудың қорытындысы бойынша біздің облыстан 6 оқушы жеңімпаз атанды.

1. Таужанова Аяжан – Көкшетау қ. №1 орта мектебінің 11 сынып оқушысы «Ластанған су жүйелерін тазарту үшін көміртекті сорбенттердің қолданылуы» тақырыбы бойынша химиядан 2 орын.

2. Рахметова Айсұлу – М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп- гимназиясының 11 сынып оқушысы «Қазақстан Республикасында деструктивті діни ағымдар» тақырыбы бойынша тарихтан 2 орын.

3. Кенжеболат Санжар және Қадырбай Асқар – облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп- интернаттың және Казақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушылары «Бос поршынды қозғалтқыш» тақырыбы бойынша, командалық жоба, 3 орынға ие болды.

4. Нуркина Асия – Көкшетау қ. №17 орта мектептің 11 сынып оқушысы «Байқоңыр космодром аймағын өсімдіктердің көмегімен залалсыздандыру» тақырыбында «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» секциясы бойынша 3 орынға ие болды.

5. Талапқанұлы Ераман – №2 Қараөткел орта мектебінің 10 сынып оқушысы «Дара тұлғалы антропонимдердің нормалануы» тақырыбында «Тілтану» секциясы бойынша 3 орынға ие болды.

Республикалық ғылыми жобалар байқауының Ережесіне сәйкес ҚР БҒМ-нің I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталған жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін білім гранттарын алуға айрықша құқығы бар.

Автор: А.Алдабергенова
Просмотров: 986
Дата создания: 29 Февраля 2016 г.
Дата редактирования: 29 Февраля 2016 г.
www.egov.kz
Опрос