Список статей
WorldSkillsKazakhstan ұлттық чемпионатында Ақмолалық 28 студент қатысатын болады

23 ақпан 10 наурыз аралығында Ақмола облысында өткен WorldSkills Kazakhstan аймақтық чемпионаты өтті, бұл күндер еңбек шеберлері үшін маңызды болды. Ұйымдастырушысы болып Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен білім беру басқармасы қатысты.

Болашақ аспаздар, кондитерлер, веб-дизайнерлер, дәнекерлеушілер, шаштараздар үздік атағы үшін күресті. Аймақтық чемпионатқа 27 колледж, 57 сарапшы, 135 конкурсқа қатысушы қатысты, солардың ішінен 20 жеңіскер атанып Астана қаласында ағымды жылдың сәуір-мамыр айларында өтетін WorldSkillsKazakhstan ұлттық чемпионатына қатысады, және де 6 компетенция бойынша өтініштер ұсынылады.

Біздің елде WorldSkills қозғалысы үлкен күш жинауда. Чемионат «100 нақты қадам»Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде өтіп жатыр. WorldSkills бұл 18 бен 22 жас аралығындағы жас еңбек шеберлері үшін ұйымдастырылған олимпиада.

«Мехатроника», «Ландшафтты дизайн» компетенциялары командалық жұмысты қажет етеді, сондықтан бұл компетенциялар бойынша 2 қатысушыдан қоямыз. Осылай Ақмола облысынан 28 қатысушыдан тұратын команда Ұлттық чемпионатта 26 компетенция бойынша қатысады.

Жастарымыз өздерінің техникалық, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Конкурстың сарапшы комиссиясы бизнес құқрылымдарының өкілдерінен құрылған - конкурсқа қатысушлардың болашақ жұмыс берушілері. Бұл «Аристократ» мейрамханасы, «Көкшетау Жылу», «Промтехмонтаж» АҚ, «Ак-Биік» ЖШС, «Атбасарский» АШК, «Қазақтелеком» АҚ, «Көкшетау-Энерго» ЖШС, «Фирма Сейнур» ЖШС және басқалары.

Біздің студенттердің орындау нәтижелері тек жеке кәсіби мүмкіндіктері жөнінде ғана емес, сонымен бірге кәсіби даярлықтың деңгейі мен қызмет көрсету сапасының жалпы деңгейін көрсетеді. Студенттерімізге ұлттық кезеңде жеңіс тілеймін деп, Ақмола облысының білім басқарма басшысының орынбасары Валерий Гамазов өз лебізін білдірді.

Көкшетау қ. Жоғары колледжінің студенті Дулат Диас: чемпионатқа қатысқан жастар кәсібиліліктері жағынан өте мықты болды, Бірақ өзім үшін «Тек қана жеңіс!» деген шешім қабылдадым, жолым болды. Ұлттық чемпионатта кәсіби шеберлігімді көрсетіп жеңіске жетермін деген үміттемін,- деп айтып берді.

WorldSkills International – бұл халықаралық қозғалыс, 76 дүниежүзі мемлекеттері арасында тараған. Негізгі мақсаты жұмыс мамандықтарын жастарға меңгертуге тарту және беделін артыру. Еске сала кетейік, Қазақстан 70-ші ассоцияция мүшесі 2014 жылы болды.

Прикреплённые файлы:itolgovaya_tablica.docx
Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 453
Дата создания: 15 Марта 2017 г.
Дата редактирования: 28 Марта 2017 г.
www.egov.kz
Опрос