Список статей
Білім басқармасында бірыңғай ақпараттық сағат өтті

Ақмола облысы білім басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері бойынша Агенттігінің Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты тоғызыншы тармағын талқылау бойынша бірыңғай ақпараттық сағат өткізу бастамасын қолдады.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтің этикалық стандарттары, білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әдістері талқыланды.

Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гамазов Валерий сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыс жалғасатын болады деп атап өтті.

Білім басқармасының ұжымы бағдарламалық құжатты талқылауды зор құлшыныс және көңіл-күймен қабыл алды.

Автор: Д. Есенбаева
Просмотров: 379
Дата создания: 30 Января 2018 г.
Дата редактирования: 30 Января 2018 г.
www.egov.kz
Опрос